2787

Елордада медициналық мекемелер коронавирустың екінші толқынына дайындығы тексерілді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЖРВИ белгілері бар науқастарды бөлек қабылдайтын 60-тан астам сүзгі кабинеті жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мекемені коронавирустың екінші толқынына дайындығын тексерді.

"Өздеріңіз білетіндей, көрші елдерде аурудың өршуі байқалады. Біз қазір коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Қаланың барлық емханаларында фильтр кабинеттері жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті - жедел респираторлық вирустық инфекция белгілері бар пациенттерді анықтау және оқшаулау.Бұл кабинеттерде пациенттер ПТР-тестілеуден өтеді. Вирус анықталған жағдайда амбулаториялық бақылау және емдеу басталады. Басты мақсат – ауруды пневмония сияқты ауыр асқынуларға жеткізбеу", - деп атап өтті Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, байланыстарды азайту үшін пациенттердің денін үйде емдейді.

"Науқастардың есімдері базаға енгізіледі. Егер олардың біреуінде коронавирус анықталса, қалғандары байланысушы боп есептеледі. Мүмкін, олардың үйінде ПТР-талдау жүргізетін боламыз", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Қазір қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Стационарларда 87 пациент ем алуда.

"Егер біз қашықтықты сақтамасақ және маска тақпасақ, пациенттердің саны артады. Қалалық денсаулық сақтау жүйесі 5 600 төсек-орын бөліп, 434 ИВЛ-машиналармен және басқа да ресурстармен қамтамасыз ете алады. Бірақ бұдан басқа адами ресурстар да қажет. Олардың саны бәріне жетпеуі мүмкін. Біз аурудың өсуіне жол бермеуіміз керек. Ауруға шалдықпау үшін әр азамат қолынан келгеннің бәрін жасауға міндетті. Егер біз барлық сақтық ережелерін сақтасақ, екінші толқын бізді айналып өтуі мүмкін", - деп қорытындылады спикер.

Айта кетейік, елордада карантин күшейтілді. COVID-19 індеті жаппай тарамау үшін қажет шаралар жүргізілуде. Астаналық әуежайға анықтамасыз келген барлық жолаушылар тексеріледі. 6 қазаннан бастап "Рамада Плаза" қонақ үйі базасындағы карантиндік стационар 59 рейс авиажолаушыларын қабылдады. ПТР-тесттен өткені туралы анықтамасыз 1 317 ҚР азаматы ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде екі жолаушы коронавирус инфекциясының асимптоматикалық тасымалдаушысы болып шықты және үй карантиніне бақылауға алынды.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109