3347

Елордаға алғаш рет ПТР-тесттен толық борт болып өткен жолаушылар ұшағы қонды

27 қазанда Нұр-Сұлтан әуежайына Түркиядан келген ұшақ қонды. Бортта барлығы 138 жолаушы болған, дәрігерлер алғаш рет барлық жолаушылар ПТР тесттен өткені туралы анықтамалармен келгенін атап өтті. Айта кетейік, карантиндік стационарға ешкім жатқызылмаған.

"Пандемия біздің санамызды өзгертіп жатыр. Бұған дейін елге келген азаматтардың тек 70% -ында ғана қажетті анықтама болған, қалғандарын біз карантиндік стационарға орналастырған едік. Күніне бұл кем дегенде 150 және одан да көп адам болуы мүмкін. Бұл жолы жағдай басқаша, өйткені коронавирус инфекциясына ПТР тест өту анықтамасы болмаса, оларды тіпті бортқа жібермес еді. Өйткені, 26 қазаннан бастап елге халықаралық рейстермен келген барлық жолаушылар, соның ішінде ҚР азаматтарында КВИ-ға ПТР-тесттен өткендігі туралы анықтама болуы тиіс. Мұның бәрі бірінші кезекте біздің денсаулығымыз үшін және тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалады. Тек бірлесіп қана біз пандемияны жеңе аламыз", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қазаннан бастап шетелден ұшатын қазақстандықтар коронавирусқа ПТР-тестінен өтпесе, ұшақ бортына жіберілмейді. Дәл осындай талап шетелдіктерге де қойылады.

Айта кетсек, өткен тәулікте 6 халықаралық рейс қабылданды (БАӘ-ден 2, Түркиядан 1, Белоруссиядан 1, Германиядан 1, Египеттен 1).

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109