3955

Елордадағы сауда ойын-сауық орталықтары демалыс күндері қашан жұмыс істей бастайды

Бүгін Нұр-Сұлтанда елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ірі сауда орталықтары мен базарлардың басшылары арасында кездесу өтті. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева өз сөзінде атап өткендей, елордада індет жұқтыру жағдайлары жиілегені байқалады. Бұл, басқалармен қатар, ШОБ өкілдері мен азаматтардың карантин тәртібін өрескел бұзуымен байланысты.

«Профилактикалық жұмыстарға қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері карантин тәртібін бұзуда, бұқаралық іс-шаралар өткізілуде, мекемелердің жұмыс кестесі бұзылған. Сонымен қатар, қалада ауру саны артып келеді. Бұл дегеніміз біз жасыл аймақтан алшақтаймыз. Ауру жағдайлары мектеп жасындағы және бір жасқа дейінгі балалар арасында да тіркелуде», - деді Жанна Пірәлиева.

Негізгі қауіпсіздік ережелерін елемеу COVID-19 екінші толқынына әкелуі мүмкін. ШОБ өкілдері мен қала тұрғындары санитарлық нормалардың сақталуына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.

«Әр аймақ өз деңгейінде шешім қабылдайды. Біз сондай-ақ бизнестің жұмыс істегенін қалаймыз, біз бұл жұмыс, табыс және экономика екенін түсінеміз. Бірақ кәсіпкерлер өз тарапынан талаптарды орындауы керек. Кейбір сауда орталықтары маска тағу тәртібін сақтамайды және температураны тексермейді. Қабылданып жатқан шараларға түсіністік танытуды сұраймыз, біздің ортақ міндетіміз, ең алдымен, аурудың қайта өрушінің алдын алу», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Жиын соңында сауда орталықтарының демалыс күндеріндегі жұмысын қайта қалпына келтіру қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және ШОБ-тың санитарлық нормаларды сақтауына байланысты болатыны айтылды.

Демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталығының жұмысын қалпына келтіру толығымен нысандардың барлық санитарлық нормаларды сақтауға дайындығына байланысты. Әрбір азаматтың жауапкершілігі эпидемиологиялық жағдайға әсер етеді, сондықтан барлық елордалықтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109