2970

«Тұмау-Коронавирус-ЖРВИ»: белгілері мен алдын-алу шаралары

Жалпы жұқпалы аурулардың белгілері өте ұқсас. Оны жәй адамның ажыратуы оңай емес. Алайда дәрігерлер олардың инкубациялық кезеңі мен кей белгілерінде өзгеріс бар екенін атап өтті. 

«Екі аурудың белгілері өте ұқсас. Covid-19 белгілері дене қызуының көтерілуі (37,5-38градус), әлсіздік, бас ауруы, құрғақ жөтел, демікпе, иіс, дәм сезбеу, кей жағдайда диарея да болуы мүмкін. Дене қызуымен, жөтелмен қатар демікпе болса, оның Covid-19 екенін анықтауға болады. Тұмаудың инкубациялық кезеңі 1-4 күнге дейін болса, коронавируста 2 күннен 14 күнге жалғасады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, ШЖҚ «Көпбейінді медициналық орталық» МКМ-нің инфекционист дәрігері Эльмира Адишева.

Сонымен қатар дәрігер жұқпалы аурудардың асқынуы күрделі ауруларға ұласуы мүмкін екенін де атап өтті.

«Мәселен тұмау асқынса, отит, синусит, менингит, пневмонияға ұласуы ықтимал. Ал коронавирус асқынса, өкпе эмболиясы, миокардит, перикардит, спонтанды пневматороксқа алып келуі мүмкін», - дейді дәрігер.

Сондықтан дәрігер азаматтарға аталған белгілердің бірі байқалса, дер кезінде қаралуды ескертеді.

Оның айтуынша, Covid-19-бен бір рет ауырған адам екінші мәрте де жұқтырып алуы мүмкін. Тіпті симптомсыз өтіп кеткен болса да, екінші мәрте қиын өтуі әбден мүмкін. Бұның барлығы адам ағзасының иммунитетіне байланысты. Алайда әзірге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша екінші мәрте ауырған адамдар тіркелмеген.

Дәрігердің сөзінше, жалпы жұқпалы аурулардың алдын алу үшін тиісті зерттеу тапсырып, дәрігердің кеңесімен комплексті витамын қабылдаған жөн. Иммунитетті көтеріп, таза ауада серуендеп, жеке бас гигиенасын сақтап, маска тағып, дұрыс тамақтанып, уақытылы ұйықтау қажет.

Егер науқас өзін нашар сезініп, қызуы көтеріліп демікпені сезсе, тыныс алуы қиындаса дереу жедел жәрдем шақыруы қажет. Тіпті Covid-19 емес, ЖРВИ болған жағдайда науқас өздігінен дәрі-дәрмек қабылдамауы керек. Міндетті түрде учаскелік дәрігерге барып, тағайындалған емді ғана алуы қажет.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109