1152

Елордада карантин тәртібін бұзушылар 150 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

Елордада мобильді топтар ШОБ субьектілеріне рейдтерді жалғастырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларын өткізілуде. Полиция департаменті атап өткендей, кейбір ойын-сауық мекемелері мен тұрғындар COVID-19 таралу қаупі артқанына қарамастан, ережелерді елемей келеді.

Сонымен, 16 қарашада сағат 00: 39-да мобильді топ Quartet караоке-барында 40-қа жуық келуші болғанын анықтады. 15 қараша күні сағат 23.54-те Tequila лаундж-барында 50-ге жуық келуші болған.

14 қарашада сағат 22: 00-де «Зейд» мейрамханасында отбасылық мереке өтіп, 40-тан астам қонақ келушілердің бірінің 50 жылдығын атап өткен.

Мекеме иелеріне қатысты жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Жалпы алғанда, 9 - 15 қараша аралығында карантиндік шаралардың сақталуы бойынша мобильді топтардың аралауы кезінде Алматы ауданында 14, Байқоңыр ауданында - 7, Есіл ауданында - 18; Сарыарқа ауданында - 18 бұзушылық анықталды.

16 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аудандық басқармаларына карантинді бұзған адамдарға қатысты аудандықполиция басқармаларынан 2043 материал келіп түскен. Жалпы сомасы 193 288 236 теңгені құрайтын 963 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 151 324 915 теңгеге 752 әкімшілік айыппұл төленді.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109