1241

Нұр-Сұлтан қаласында қатаң шектеу карантиндік шараларын ұзарту туралы ҚАУЛЫ

№ исх: ПГСВ-225   от: 01.08.2020

 

 

Нұр-Сұлтан қаласында қатаң шектеу карантиндік

шараларын ұзарту туралы

ҚАУЛЫ

 

         1 тамыз 2020 ж.                                                              Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                                    

         Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Пралиева, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына сәйкес,   «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы »  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 31 шілдедегі № ҚР ДСМ-93/2020 бұйрығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43-БМСД қаулысына сәйкес, «Қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдесіндегі № 44-БМСД қаулысына сәйкес, Республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 27 шілдедегі № 46-БМСД «Республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 44 «Қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  қаулысына ,  «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы   № 239 бұйрығының негізінде  Нұр - Сұлтан қаласының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының арасында коронавирустық инфекциямен тіркелген сырқаттанушылықтың тіркелуінің жалғасуына байланысты қатаң шектеу карантиндік шараларының қолданылуы 2020 жылғы 3 тамыздан бастап екі аптаға ұзартылсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары келесі талаптарды қатаң сақтауды жалғастырсын:

2.1. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды және т. б. өткізуге тыйым салу;

2.2. спорттық жаттығуларды тек жеке және ашық ауада өткізу;

         2.3. жеке 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және рұқсат етілмеген жағажайларда шомылуға тыйым салу;

         2.4. 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруін шектеу;

         2.5. тұрғылықты жерінен  шыққан  кезден бастап  бетперде кию  бойынша міндетті талаптарды сақтау, 3 адамға дейін бірге серуендеу кезінде адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;

         2.6. жұмысқа бару және кері қайтуға, аулаларда және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге жеке, ал бірге қыдырғанда 3 адамнан аспайтын топтарға  рұқсат етіледі;

         2.7. қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және адамдар көп жиналатын объектілерге бару кезінде қоғамдық орындарға барғаннан кейін маскаларды кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауды.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Дін істері басқармасы, «CityTransportationSystems» ЖШС, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері келесі шараларды қамтамасыз етсін:

         3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс атқару түріне ауыстыруды;

3.2.  сауда орталықтарында, таксиде, азық-түлік дүкендерінде, қызмет көрсету объектілерінде және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;

         3.3. қалалық қоғамдық көліктердің жұмысын, жолаушыларға қол жетімді жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатумен, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтаумен және жолаушылар мен жүргізушілердің маскаларын киіп жүрумен, жұмыс кестесін сағат 6.00-ден 21.00-ге дейін белгілеу, қала маңындағы қоғамдық көліктің жұмысын қалпына келтірмеу;

         3.4. ХҚКО жұмысын алдын ала қатаң түрде Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот арқылы брондау ретімен күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО сағат
9.00-ден 17.00-ге дейін,
Call орталықтарының жұмысы сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО-ның сенбі күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейінгі қызмет кеcтесін есептемегенде демалыс және жұмыс істеуге тыйым салу ұйымдастыру;

         3.5. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық
іс-шараларды күшейте отырып, тек көтерме азық-түлік және азық-түлік емес базарларды (ашық ауада) жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 13.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыруды;

         3.6. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық
іс-шараларды күшейте отырып, (ашық ауада) азық-түлік және азық-түлік емес базарларды  жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін ұйымдастыруды;  

3.7. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері мен «демалыс күні» азық-түлік жәрмеңкелерін (ашық ауада)  демалыс күндері ғана жұмыс кестесінсағат 9.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып, ұйымдастыру;

3.8. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық
іс-шараларды және карантиндік шараларды (маскалар, қолғаптар, антисептик) күшейте отырып, тұрмыстық және электрондық техниканы, құрылыс материалдарын сату дүкендерінің (гипермаркеттер, супермаркеттер, шағын маркеттер) жұмыс кестесін сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып, курьерлермен тек онлайн тапсырыс қабылдау және тауарды жеткізу, өзіңіз алып кетуге тыйым салу арқылы ұйымдастыру;

3.9. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық
іс-шараларды күшейте отырып, жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін белгілей отырып, тамақ өнімдерін (шағын маркет, супермаркет, гипермаркет) сататын азық-түлік дүкендерінің жұмысын ұйымдастыру;

3.10. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық
іс-шараларды күшейту арқылы жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, тұрғын үйлерде орналасқан тамақ өнімдерін сататын дүкендердің (бір ішкі сауда субъектісі ұсынған, сауда желілеріне кірмейтін сауда объектіс) жұмысын ұйымдастыру;

3.11. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық
іс-шараларды күшейте отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, тұрғын үйлерде орналасқан азық-түлік емес тауарларды сату бойынша жалпы ауданы 500 м2 аспайтын дүкендердің, жұмысын ұйымдастыру;

3.12. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық
іс-шараларды күшейту арқылы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), екінші деңгейдегі банктердің, айырбастау пункттерінің, ломбардтардың, букмекер кеңселерінің жұмысын ұйымдастыру;

3.13. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық
іс-шараларды күшейту арқылы жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып, көлік жуу, авто және тұрмыстық техниканы жөндеу қызметтерін көрсетуге арналған кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын ұйымдастыру;

3.14. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін белгілей отырып,көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, көкөніс шатырларын, пончиктерді, балмұздақ, шығаруға кофе және т. б.) жұмысын ұйымдастыру;

3.15. қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафелер, мейрамханалар) жұмыс орны 30-ға дейін, көрші үстелдердің шеткі орындарының арасында
2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тек қана ашық ауада жұмыс жасауға, бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салына отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс кестесімен жұмыс істеуге рұқсат беру;

3.16. санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық
іс-шараларды күшейте отырып, үздіксіз өндірістік циклмен құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыс жұмыстарының жұмысын тек ашық ауада ұйымдастыру;

3.17. жеке медициналық орталықтардың, стоматологияның жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық шараларға сәйкес қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша сағат 9.00-ден
17.00-ге дейін
жұмыс кестесін белгілеумен, шұғыл көмек көрсету үшін кезекші кабинеттерді (тәулік бойы) ұйымдастыру;

3.18. санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, санитарлық-эпидемияға қарсы, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін белгілей отырып, ритуалдық қызмет көрсету бойынша объектілердің жұмысын ұйымдастыру;

3.19. санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, гүл сату объектілерінің жұмысын ұйымдастыру;

3.20. санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, онлайн көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып «Қазпочта» АҚ жұмысын ұйымдастыру;

3.21. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеулі қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру;

3.22. аймақтар арасындағы жолаушылар автобусының қозғалысын тоқтата тұруды;

3.23. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, жабық базарлардың(жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, барлық қажетті санитарлық іс-шараларды күшейте отырып, онда орналасқан дәріханалар мен тамақ өнімдерін өткізетін шағын маркеттерді, супермаркеттерді, гипермаркеттерді, сондай-ақ жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, барлық қажетті санитарлық іс-шараларды күшейте отырып, жазғы террасалары және жеке кіретін есігі бар стационарлық тамақтану объектілерін қоспағанда) жұмысына тыйым салу;

3.24. қаланың барлық спорт ұйымдарында оқу-жаттығу сабақтарына, жиындарға, жарыстарға қатысуға және өткізуге тыйым салу;

3.25. білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың жұмысына тыйым салу;

3.26. ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмханалар, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофеханалар, кулинария) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, тек жұмысын сыртқа шығаруға немесе жеткізуге ауыстыра отырып, жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін белгілей отырып тыйым салу;

3.27. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысына тыйым салуды;

3.28. қызметіне тыйым салынған немесе жеткізумен онлайн режимге ауыстырылған объектінің іргелес аумағында тауарлардың барлық түрлерін сатуды ұйымдастыруға тыйым салу;

3.29. косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін СПА-орталықтардың, тренажер залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, аквапарктердің, жағажайлардың, қоғамдық моншалардың,  сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың жұмысына тыйым салу;

3.30. аттракциондардың барлық түрлерінің, оның ішінде ашық ауада, тұрғын үйлердің аулаларында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңдарының жұмысына тыйым салу,

3.31. қаланың саябақтарында, жағалауларында, скверлерде қозғалуға арналған балалар мен ересек құралдарды (электромобильдер, құлайтын автомобиль, самокаттар, гироскутерлер) жалға беруге тыйым салу;

3.32. көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар және т. б.) жұмысына тыйым салу;

3.33. барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т. б.) жұмысына тыйым салу;

3.34. қаланың барлық спорт нысандарының жұмысына тыйым салу;

3.35. келушілер мен дінге сенушілерге діни бірлестіктердің барлық объектілеріне (мешіттерге, шіркеулерге, соборларға, синагогаларға және т. б.) баруға тыйым салу;

3.36. орналасқан жеріне қарамастан букмекер кеңселерінің жұмысына тыйым салу.

  1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, қызметкерлерді тұрғылықты жерінен жұмысқа дейін және кері жеткізуді қамтамасыз етсін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті осы қаулы талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
  3. Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы:

         6.1. қабылданған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді, адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімнің маңыздылығын түсіндіруді қамтамасыз етсін.

         6.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала халқының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСҚБ департаментінің аудандық басқармалары Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мен Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктерімен өзара іс- әрекет жасай отырып, осы қаулының орындалуын бақылауды күшейтуді қамтамасыз етсін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы 2020 жылғы 3 тамыздан бастап күшіне енеді.

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері                                                            Ж. Пралиева

 

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109