363

«Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеу шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ

«Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеу шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ

           11 қыркүйек  2020 жыл                                                                                                                                                                                                             Нұр-Сұлтан қаласы

Мен,  Нұр-Сұлтан  қаласының  Бас   мемлекеттік   санитарлық   дәрігері Ж.Пралиева, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан  Республикасы Кодексінің  9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық  инфекциямен  аурудың  алдын  алу  жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысымен,  «Қазақстан  Республикасы  Бас мемлекеттік санитарлық  дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы  № 43 қаулысына өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» Қазақстан  Республикасы  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 47 қаулысымен, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық  дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 50 қаулысымен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 қыркүйектегі шешімдері, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. "Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 229 қаулысының 3-тармағының 4.23-тармақшасына өзгерістер енгізілсін және мынадай редакцияда жазылсын: "Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бизнес-орталықтардың жұмысын (адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және т. б. қызметтері) жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру»;
  2. "Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиндік шектеу шараларын (екінші кезең) кезең-кезеңмен жеңілдету туралы" Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 237 қаулысының 3-тармағындағы 3.34-тармақшасы "театр қойылымдарын өткізуге тыйым салумен" деген сөздерден кейін "Су аттракциондары жоқ бассейндердің, Хан Шатыр" СОО-да орналасқан "Sky Beach Club" жағажай клубының су аттракциондары жоқ бассейндерінің жұмыс істеу бөлігінде жобалық қуаттылығының 50%-ынан аспайтын толтырылуымен" деген сөздермен толықтырылсын;
  3. "Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеу шараларын (екінші кезең) кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 237 қаулысының 3-тармағындағы 3.15-тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: «Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) ғимараттың ішінде 30-дан аспайтын және жазғы алаңда 30-дан аспайтын отырғызу орындарын толтыру жөніндегі шарттарды сақтай отырып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтаумен бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызу және күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін болатын тұрғын үй ғимараттарында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан объектілерді қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады»;
  4. "Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеу шараларын (екінші кезең) кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 237 қаулысының 3-тармағындағы 3.24-тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: «қалааралық облысішілік автобус, шағын автобус тасымалдарының жұмысын ұйымдастыру»;
  5. "Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеу шараларын (екінші кезең) кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 237 қаулысының 3-тармағындағы 3.10-тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: «білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының жұмысын (15 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша,) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып ұйымдастыру»
  6. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасына:

6.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету, адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімнің маңыздылығын ашу;

6.2. осы Қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізілсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы ТКҚСҚБК департаментінің аудандық басқармалары Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, осы қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері                                                      Ж. Пралиева

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109