436

Нұр-Сұлтан қаласында шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ҚАУЛЫ 18 қыркүйек 2020 жыл Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан қаласында шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ҚАУЛЫ 18 қыркүйек 2020 жыл Нұр-Сұлтан қаласы

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Пралиева, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығымен, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысымен, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 47 қаулысымен, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 50 қаулысымен, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейін төмендету және оның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында таралуын болдырмау мақсатында, шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдетуді жалғастыру. 2 18.09.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) 2. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі талаптарды сақтауды жалғастыру: 2.1. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, жиналыстарды, жиындарды және т. б. өткізуге тыйым салу; 2.2. екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізу; 2.3. үш адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салу; 2.4. алпыс бес жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруын шектеу; 2.5. аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат беру; 2.6. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүріп-тұру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау. 3. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшылары: 3.1. InfoKazakhstan.kz веб-сайтынан электронды форматта шығарылған Санитарлық стандарттарға сәйкестік туралы акт негізінде объектілердің қызметін қайта бастау; 3.2. қоғамдық бақылау мүмкіндігі үшін, санитарлық стандарттарға сәйкестік туралы актіні мекеменің кіреберісіндегі көрнекті жерге орналастыру; 3.3. халықты, жеке және заңды тұлғаларды шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру бойынша InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы ақпараттандыру; 3.4. кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында InfoKazakhstan.kz веб-сайтын карантиндік режимді бұзу туралы шағымдар мен фактілерді орналастыру үшін, пайдалану; 3.5. InfoKazakhstan.kz веб-сайтында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде кәсіпкерлік субъектілерінің объектілердің жұмысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексеретін инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыру; 3 18.09.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) 3.6. кәсіпкерлік субъектісімен InfoKazakhstan.kz сайтта объектінің паспортына ғимараттың келушілермен жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтер енгізуі (№ 43 БМСДҚ-да және осы қаулыға қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі). 4. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімі, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бөлімі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, Дін істері басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз ету: 4.1. қашықтағы жұмыс нысанын меншіктің түрі мен жұмысшылар санына қарамастан барлық ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлерінің кемінде 50% сақтау; 4.2. сауда объектілерінде, қызмет көрсету объектілерінде, қоғамдық көліктерде және адамдардың ықтимал жаппай жиналатын орындарында дезинфекциялау шараларын жүргізу; 4.3. қалалық қоғамдық көліктің жұмыс істеуі (қарбалас уақытта автобустар санының артуымен, соңғы аялдамада дезинфекциялаумен, барлық есіктерді ашумен, жолаушыларға қол жетімді жерлерде терінің антисептикімен зарарсыздандырғыштарды орнатумен, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюімен) жұмыс кестесі жұмыс күндері және демалыс күндері 6:00-ден 23:00-ге дейін; 4.4. облысішілік қалааралық автобус, шағын автобустармен тасымалдау жұмысын ұйымдастыру; 4.5. жұмыс күндері мен демалыс күндері діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) толтыру коэффициенті 30% -дан аспайтын және келушіге 5 м2-ден кем емес, бұқаралық іс-шараларға (жұма намазы, діни рәсімдер және т.б.), оларда орналасқан тамақтандыру объектілерінің жұмысын қоса алғанда тыйым салу арқылы, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып жұмыс істеуге; 4.6. кездесулер мен жиындарды қашықтықтан өткізу мүмкін емес екендігі дәлелденген жағдайда ғана №50 ҚР БМСДҚ Қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып жеке кездесулерге рұқсат беру; 4.7. кеңейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық шараларды сақтай отырып Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот арқылы алдын-ала брондау бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастыру, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні: 9:00-ден 18-ге дейін. Құжаттама бөлімі: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі күні 9:00-ден 14:00- ге дейін. Мамандандырылған бөлім: құжаттарды жұмыс күндері және сенбіде 4 18.09.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдау, дайын құжаттарды түскі үзіліссіз 09:00-ден 20:00-ге дейін беру; 4.8. күшейтілген санитарлық және эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және тұрақты режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, «Қазпочта» АҚ-ның онлайн режимінде ұсынылмайтын қызметтер бойынша жұмысын ұйымдастыру; 4.9. алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын тұрақты режимде, күшейтілген санитарлықэпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, денсаулық сақтау мектептеріне келушілердің саны 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастыру; 4.10. күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, жеке медициналық орталықтардың, стоматологиялардың жұмысын алдын ала жазылу бойынша ұйымдастыру; 4.11. жаңа оқу жылында білім беру объектілерінің жұмысын, сыныпта 15 балаға дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген 1-4 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығының №10 тарауына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің кезекші сабақтарын қоспағанда, онлайн режимінде ұйымдастыру; 4.12. әр топта бала саны 15-тен аспайтын, меншік формасына қарамастан санитарлық және эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтау және жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салумен мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру; 4.13. күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының жұмысын (алдын ала жазылу бойынша, 15 адамға дейін) ұйымдастыру және жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін құру демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салу; 4.14. эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды күшейтіп, санитарлық талаптарды сақтай отырып, арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жұмысын ұйымдастыру; 5 18.09.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) 4.15. күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, балалар мен ересектерге арналған түзету бөлмелерінің жұмысын ұйымдастыру (алдын ала жазылу бойынша, 15 адамға дейін) және жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу; 4.16. қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, несиелік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыт пен сан бойынша шектеулерді ескеріп, қызметіне рұқсат беру; 4.17. бизнес-орталықтардың жұмысын (адвокат, нотариус, есепші және консультациялық қызметтер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлар және т.б. қызметтерін) күшейтілген санитарлық және эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін жұмыс күндері мен демалыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін ұйымдастыру; 4.18. тұрғындарға қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (мейманханалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік лагерлер және т.б.) жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, толтырылуы 50% -дан аспайтындай етіп ұйымдастыру; 4.19. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық талаптарды сақтай отырып, демалу аймақтары мен демалыс аралдарында сатып алушылардың болмауымен, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуатының 30% -дан аспауын ескере отырып, 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс кестесін құрумен, демалыс және мереке күндерінде жұмыс істеуге тыйым салумен (оларда орналасқан дәріханалар мен тамақ сатуға арналған минимаркеттерді, супермаркеттерді қоспағанда) ұйымдастыру. Сонымен бірге, осы нысандарда және олардың аумағында орналасқан аттракциондарға, балалар ойын алаңдарына, кинотеатрларға, ойын орталықтарына, фуд-корттарға жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады; 4.20. «Ailand» отбасылық демалыс орталығының жұмысын, атап айтқанда Джунгли аниматроникасы театры мен Океанариумның жұмысын, театрландырылған қойылымдарға тыйым салумен, әр аймақта бір мезетте 10- нан аспайтын келушілерді өткізумен, бассейндерді су аттракциондарынсыз, сонымен қатар «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «SkyBeachClub» жағажай клубының бассейнінің жұмысын су аттракциондарынсыз, санитарлықэпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шаралар мен мекемелердің талаптарын сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебімен, жобалық 6 18.09.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) сыйымдылығының 50% -дан аспайтындай және демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, тұрақты режимдегі жұмыс кестесін орнатумен ұйымдастыру; 4.21. ашық ауадағы аттракциондар жұмысын күшейтілген санитарлықэпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тыйым салынған және рұқсат етілмегендерді қоспағанда, жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу; 4.22. қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар), оның ішінде сауда және ойын-сауық орталығында (бөлек үй-жайларда) орналасқан үй-жай ішіндегі және жазғы орындарда 50-ден артық емес орындықтардың толымдылығы бойынша шарттарды сақтаумен және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызумен, өзі алып кетуге тыйым салумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 9.00-ден 00.00-ге дейін, ал ғимараттарда және тұрғын аудандарда орналасқан объектілерді жұмыс кестесі жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етумен ұйымдастыру. Бұл ретте, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады; 4.23. жабық тамақ өнімдері мен азық-түлікке жатпайтын базарлардың жұмысын жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00 сағат-қа дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бір келушіге шаққанда 4 м2 мөлшерінде жобалық қуатының 30% -нан аспайтын, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салумен ұйымдастыру; 4.24. азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық аспан астында) жұмысын жұмыс кестесін жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 10:00- ден 17:00-ге дейін белгілей отырып, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру; 4.25. «демалыс күндері» (ашық аспан астында) ауылшаруашылық, мектеп және азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын күшейтілген санитарлықэпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып ұйымдастыру және жұмыс кестесін тек демалыс күндері 9:00-ден 19:00-ге дейін белгілеу; 4.26. азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату дүкендерінің жұмысын күшейтілген санитарлық және эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тұтынушыға жобалық қуаттылығының 30% -дан аспайтын 4 м2 мөлшерінде ұйымдастыру, жұмыс кестесін жұмыс күндері мен демалыс күндері 09:00-22:00-ге дейін белгілеу; 4.27. азық-түлік өнімдерін сататын дүкендердің жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, тұтынушыға жобалық қуаттылығының 30% -дан аспайтын 4 м2 7 18.09.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) мөлшерінде жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 08:00-ден бастап сағат 23:00-ге дейін ұйымдастыру; 4.28. көшедегі тамақ саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысын (соның ішінде фаст-фуд өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып кететін кофені, көкөніс сататын орындарды және басқаларын сататын объектілерді) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық ісшараларды сақтай отырып, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастыру; 4.29. күшейтілген санитарлық және эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық шараларды сақтай отырып, гүл сату объектілерінің жұмысын ұйымдастыру және тұрақты жұмыс режимінде жұмыс кестесін белгілеу; 4.30. жабық спорттық ғимараттардың (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) жұмысын меншік нысанына қарамастан күшейтілген санитарлық және эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шаралар мен талаптарын сақтай отырып, көрерменсіз, 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар үшін, жұмыс кестесін жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін ұйымдастыру; 4.31. Ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларды (30 адамнан аспайтын, жанаспайтын термометрия, спорт базаларында орналастырумен) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық шараларды сақтай отырып ұйымдастыру; 4.32. бассейні бар фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттықсауықтыру кешендерінің жұмысын (бір келушіге 4 м2 есебімен, жалпы келу коэффициентін 50% -дан аспайтын және бір адамға су айнасының 5 м2 -ден кем болмайтындай етіп), қатаң түрде алдын-ала жазылу бойынша, күшейтілген санитарлық - эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін құрумен ұйымдастыру; 4.33 жабық бассейндердің жұмысын қатаң түрде алдын-ала жазылу бойынша, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық шараларды сақтай отырып, , бір уақытта бір жолақта бір келуші болумен, егер жолақ қарастырылмаған жағдайда бір келушіге 4 м2 бөлуді қамтамасыз ете отырып жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері таңғы 7:00-ден 22:00-ге дейін белгілеп ұйымдастыру; 4.34. бассейндерді іске қосу отырып, монша, сауна жұмысын (бір келушіге 4 м2 есебімен, жобалық сыйымдылықтан келушілердің 30% -дан аспайтындай етіп) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін белгілеп ұйымдастыру (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша); 4.35. СПА-орталықтардың, СПА-салондардың жұмысын бір келушіге 5 м2 кем емес және 50%-дан артық емес толтырылуын қамтамасыз етумен бассейндерді жұмылдыра отырып (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша), 8 18.09.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) сондай-ақ бір мезгілде 3 келушіден артық емес массаж салонына барумен массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша), күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, ұйымдастыру; 4.36. косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып (қатаң түрде 1 келушіге 4 м2 есебінен), жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін белгілеп ұйымдастыру; 4.37. автокөлік жуу, автокөлік және тұрмыстық техниканы, шина станцияларын жөндеу бойынша қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, ұйымдастыру; 4.38. өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын өндірістік режимі тұрақты, тұрақты өндірістік циклы бар объектілерді қоспағанда, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру; 4.39. халыққа қызмет көрсету объектілерінің (типография қызметін көрсету обьектілері, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киімді, киімді жөндеу қызметі) және кептелісті болдырмайтын басқа объектілердің жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру; 4.40. қызмет көрсету саласындағы объектілерінің жұмысын (химиялық тазалағыштар, кір жуатын орындар, кеңсе жабдықтарын жөндеу (алдын-ала жазумен) келушілерге медициналық маскалармен кіруді және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру; 4.41. жерлеу қызметін көрсету объектілерінің жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесінде шектеулер белгілемей, ұйымдастыру; 4.42.мәдени объектілердің жұмысын (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындық, жобалық қуатының 50% -нан аспайтын, көрермендер саны 50-ден аспайтын театрларға бару), кітапханаларды, мұражайларды, галереяларды, көрмелерді күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлықпрофилактикалық іс-шараларды сақтай отырып тұрақты жұмыс режимін белгілеумен ұйымдастыру; 9 18.09.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) 4.43. объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысы қосымшаларының талаптарын қатаң сақтаған жағдайда жол беріледі («Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 47 қулысы); 4.44. ойын-сауық мекемелерінің (бильярд бөлмелері, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, балалар ойын алаңдары мен жабық үй-жайлардағы аттракциондар, батуттар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, соның ішінде лотереялар және т.б.) жұмысына тыйым салу; 4.45. ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда, орналасқан жеріне қарамастан кинотеатрлардың, фуд-корттардың, банкет және гала-залдардың жұмысына тыйым салу; 4.46. қаладағы саябақтарда, жағалауларда, скверлерде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т. б.) жалға беруге тыйым салу; 4.47. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, тыңдауларды және т. б. өткізуге тыйым салу. 5. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне осы қаулы талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. 6. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасына: 6.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету, адам, қоғам және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру; 6.2. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізілсін. 7. Нұр-Сұлтан қаласы ТКҚСҚБ Департаментінің аудандық Басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті және НұрСұлтан қаласының аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін. 8. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «НұрСұлтан қаласында шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 15 тамыздағы № 229 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 10 18.09.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) 9. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «НұрСұлтан қаласында шектеулі карантиндік іс-шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы (екінші кезең)» 2020 жылғы 29 тамыздағы №237 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 10. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «НұрСұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №238 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 11. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің НұрСұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №239 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 12. Қаулының орындалуы меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті. 13. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Пралиева

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109