859

Объектілерде профилактикалық дезинфекциялық іс-шараларды өткізу туралы Қаулы 2020 жыл 24 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласы

Объектілерде профилактикалық дезинфекциялық іс-шараларды өткізу туралы Қаулы  2020 жыл 24 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласы

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

Ж.Пралиева, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің  9, 36, 102, 104, 107-баптарына сүйеніп, коронавирустық инфекцияның Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының әр түрлі контингенттері арасында тіркелуіне байланысты және оның таралуын болдырмау мақсатында, ҚАУЛЫЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына және кәсіпкерлік субъектілеріне қамтамасыз ету:

1.1.   Дезинфекциялық іс-шараларды өткізу мақсатында, 2020 жылдың 25 қыркүйегінің сағат 15:00-ден бастап 2020 жылдың 26 қыркүйегінің сағат 00:00-ге дейін: Шапағат комуналдық базары (Бөгенбай батыр даңғылы, 69), Сарыарқа көтерме және бөлшек сауда орталығы (Ы.Дүкенұлы көшесі, 31), Астаналық базар (С.Сейфулин көшесі, 47),  «Жаннұр» (Абай даңғылы, 48), «Тұлпар» (Ш. Валиханов көшесі, 24), «Әлем» (Бөгенбай батыр даңғылы, 62), «Әсем» (Ы. Дүкенұлы көшесі, 31), «Гарант» (Бөгенбай батыр даңғылы, 73), «Джафар» (Бөгенбай батыр, даңғылы 71), «Есіл» (Республика даңғылы, 6) сауда орталықтары,   «Седьмой континент» (Кенесары көшесі, 40) бизнес орталығы және «Magnum Cash&Carry» (Ш. Валиханов көшесі, 20) гипермаркетінің жұмыстары тоқтатылсын;

1.2.   объектілер мен кіру топтарының іргелес аумағында дезинфекциялық профилактикалық шараларын жүргізуді;

1.3.   Кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілген объектілердің барлық бөлмелерін, үй-жайларын зарарсыздандыру іс-шараларын өткізіп, содан жалпы тазарту және желдетуді қамтамасыз ету.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне объектілердің қызметін тоқтата тұруға қатысты осы қаулының талаптарын сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасына:

3.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету, адам, қоғам және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру;

3.2. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізілсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы ТКҚСҚБ Департаментінің аудандық Басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті және Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз ету.
  2. Қаулының орындалуы меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті.
  3. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері                 Ж. Пралиева

 

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109