312

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Орталық мемлекеттік органдар, көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті:

1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді;

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің ресми делегацияларының және халықаралық ұйымдардың мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

Қазақстан Республикасына шетелден келетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері болатын/тұратын жері бойынша COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға жатады. Оларға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі;

         2) Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

3) тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шетелден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарға дейін тасымалдауды;

2) келген адамдарды ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелері алынған күні карантиндік стационардан шығаруды қамтамасыз етсін.

  1. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, аумақтық департаменттері, мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде:
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінен шетелден келетін барлық адамдарға міндетті түрде термометрия жүргізе отырып, санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
  • осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде деректерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына бере отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен өңдеуді;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік бойғы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен және дезинфекциялау құралдарымен жарақтандыруды;
  • көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында COVID-19-дың профилактикасы және таралуының алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
  • COVID-19 таралуының алдын алу бойынша көрнекі үгіт құралдарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша дауыс зорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды ақпараттандыруды;
  • шетелден келетін барлық азаматтарға COVID-19-дың әкеліну және әлемде таралу қаупі жағдайларында оның профилактикасы мәселелері бойынша жадынамалар таратуды;
  • COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді;
  • Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз етсін.
  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз етсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді осы қаулымен таныстырсын.
  3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасына шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар етсін.
  4. Авиакомпаниялар басшылары:
  • Анықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді;
  • ұшу кезінде жолаушылар мен экипажға сауалнама жүргізуді, оның ішінде толық толтырылғанын тексеруді, толық толтырылмаған жағдайларда қосымша сауалнама жүргізуді;
  • толтырылған сауалнамаларды, манифестті және әуе кемесінің бас декларациясын ұшып келетін әуежайдағы санитариялық-карантиндік пункттің маманына тез арада беруді;
  • тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска режимін сақтауды;
  • әуе кемесінің бортында жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын;
  • ұшу кезінде әуе кемесінің салонында жолаушылардың қозғалысын, сондай-ақ дәретхананың жанында жиналуын шектеуді;
  • қызметкерлерді жұмысқа жеке қорғаныш құралдары (медициналық маскалар, қолғаптар) болған кезде жіберуді;
  • дене температурасын өлшей отырып, қызметкерлерді ауысым алдындағы (ұшу алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өткізуді;
  • тұрақты халықаралық әуе қатынастарын қалпына келтіру алдында әуе кемелеріндегі ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізуді және сүзгілерді ауыстыруды қамтамасыз етсін.
  1. Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:
  • ұшып келу аймағында халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келетін барлық адамдарға байланыссыз термометрия жүргізуді;
  • дене температурасы жоғары адамдар немесе ауру симптомдары (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) бар адамдар анықталған жағдайда ықтимал жұқтыруға жол бермеу бойынша шараларды сақтай отырып, жолаушыны әуежай изоляторына жіберуді;
  • рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде деректерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына бере отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен өңдеуді;
  • Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне ұшып шыққан елден ПТР әдісімен COVID-19-ға анықтамасыз халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар жөнінде ақпарат жіберуді қамтамасыз етсін.
  1. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:

1) шетелден анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауды;

2) 2 тәуліктек аспайтын мерзімде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижесін беруді қамтамасыз етсін.

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының халықаралық әуежайларының басшылары:

1) әрбір рейстен кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;

2) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска режимін сақтауды;

3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;

4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43-БМСд қаулысына 12-қосымшаға сәйкес әуежайлар жұмысының алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін. 

  1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда 44-қосымшамен толықтырылсын.
  2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №42 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2020 жылғы 6 қазанның 00 сағаттан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Е. Қиясов

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109