827

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы Қаулы

Мен, Нұр-Сұлтан  қаласының  Бас  мемлекеттік  санитарлық дәрігері Ж. Пірәлиева "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-баптың 3-тармағы, 7-тармағының 2 және 3-тармақшалары, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың тіркелуінің жалғасуына байланысты Нұр-сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдатуды енгізу.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бөлімі, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз ету:

1.1. меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 60% қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтау;

1.2. бизнес-орталықтардың (адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен заттарды өткізу жөніндегі бутиктердің (бөлімдердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс күндері оларда орналасқан азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сату жөніндегі бутиктердің (бөлімдердің) жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

1.3. қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттың ішінде және жазғы алаңда 30-дан аспайтын отыратын орын мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, осы қаулыда белгіленген уақыт өткеннен кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады»;

1.4. бассейндерді іске қоса отырып моншалардың, сауналардың (бір келушіге 4м2 есебімен, бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығынан 30% - дан аспайтын қатысуымен) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша).

  1. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне осы қаулының талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасына:

3.1. қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету, адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру;

3.2. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала халқының назарына жеткізілсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСҚБК департаментінің аудандық басқармалары Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментімен және Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, осы қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 240 "Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйектегі шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" қаулысының 4-тармағы 4.1., 4.17., 4.22.,4.34 – тармақшалары аланым тасталсын.
  4. Осы Қаулы 2020 жылғы 14 қазаннаң бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері Ж. Пірәлиева

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109