356

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы қаулы

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин
шараларын  қатаңдату туралы
ҚАУЛЫ

16 қазан 2020 жылғы                                                                          Нұр-Сұлтан қаласы

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Пралиева "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-баптың 3-тармағы, 7-тармағының 2 және 3-тармақшалары, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың тіркелуінің жалғасуына байланысты Нұр-сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдатуды енгізу.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, "City Transportation Systems" ЖШС, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

1.1. қалалық қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс кестесі сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюі) және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салу;

1.2. білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балалар даму орталықтарының (алдын ала жазылу бойынша, 10 адамға дейінгі топтармен) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін белгілеумен демалыс және мереке күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру;

1.3. мәдениет объектілерінің (толымдылығы 50%-дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын театрларға бара отырып, 30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, мұражайлардың, галереялардың, көрмелердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және 65 жастан асқан көрермендердің келуін шектей отырып, штаттық жұмыс режимін белгілеумен ұйымдастыру.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі талаптарды сақтау жалғастырылсын:

2.1. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, митингілерді, шеруге, жиындарды және т. б. өткізуге тыйым салу;

2.2. қызметі Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 240 қаулысымен тыйым салынған нысандарға, атап айтқанда ойын-сауық мекемелеріне (бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтыс ойыны және т.б.) баруға жол бермеу.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасына:

3.1. қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету, адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру;

3.2. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала халқының назарына жеткізілсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСҚБК департаментінің аудандық басқармалары Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментімен және Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, осы қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 240 "Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйектегі шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" қаулысының 2-тармағы 2.1. – тармақшалары және 4-тармағы 4.3., 4.13., 4.42 – тармақшалары аланып тасталсын.
  4. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері Ж. Пралиева

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109