Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы

Иран Маратұлы Шәметеков

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директоры

Аурухана туралы

Біздің ұранымыз – «Сау бала- баға жетпес болашақ»!

 1997 жылдың наурыз айында бұрынғы Целиноград станциясының көпбейінді 120 төсектік балалар ауруханасының базасында балалардың инфекциялық стационары ұйымдастырылып, Ақмола қаласының Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы деп аталды. 1999 жылдың қаңтар айында Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. 2010 жылғы 14 қазанда «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік мекемесі «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып, 2013 жылғы 11 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  болып қайта құрылды. 2019 жылдың 30-қаңтарында аурухана Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК болып қайта құрылды. (бұдан әрі - №3 КҚБА)

2015 жылдың желтоқсан айына дейін аурухананың төсек-орын қуаты 161 төсек болған. Жаңа стационарға көшуге байланысты төсек-орын қуаты 250 –ге жетті.  Шұғыл түрде әрі тәулік бойы госпитализациялау 100% жүргізіледі.

Аурухана ғимараты Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде салынған болатын.

Стационар – типтік, 250 төсек-орындық, 3 қабатты. Аурухана ғимараты бір-бірімен галерея арқылы байланысқан 6 жеке ғимараттан тұрады, сондай-ақ қосымша үйлері мен ғимараттары бар. Аурухана ғимаратының жалпы алаңы 60070,49 ш. м. болады.

Аурудың түрлі нозологиялық түрлерімен ауырған науқастарды госпитализациялудың бейінділігін сақтау үшін 3 блок қарастырылған:

А блогі – ауа-тамшы арқылы тарайтын инфекциямен ауырған науқастарға арналған;

Б блогі – жіті респираторлық инфекция және оның асқыну түрлерімен ауырған науқастарға арналған;

В блогі – жіті ішек жұқпасымен ауырған науқастарға арналған.

Г1Д1 блогінде анестезиология, реанимация және қарқынды патология бөлімшесі, қабылдау-диагностикалау бөлімшесі, сондай-ақ орталық зарарсыздандыру бөлімшесі мен кір жуу бөлімі орналасқан.

Г2Д2 блогінде – клиникалық-диагностикалық, иммунологиялық зертхене мен бактериологиялық зертхана орналасқан.

Аурухана әкімшілігі Е блогінде орналасқан. Аурухананың бет-бейнесі – тіркеу орны. Осы блокта пациенттер мен олардың туыстарының бейнекездесулерін ұйымдастыру бөлмесі жабдықталған.