Атыгаева Сауле Кабиевна

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медициналық орталығы» ШЖҚ МКК директорының орынбасары

15.12.1969 жылы дүниеге келген. Нұр-Сұлтан қаласының Көпсалалы медициналық орталығы директорының терапевтік қызмет жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Ақмола мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін АММА жұқпалы аурулар кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. Жоғары біліктілік санаты бар. Медицина ғылымдарының кандидаты. Пандемия басталған алғашқы күннен бастап онымен күресуге үлес қосып келеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен «3-ші дәрежелі Барыс» орденімен марапатталды.