Цепке Анна Борисовна

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК директоры

05.12.1969 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Денсаулық сақтау ұйымы бойынша жоғары санатты дәрігер-фтизиатр маманы. Пандемияның алғашқы күнінен бастап коронавирустық инфекциямен күрес жұмыстарына қатысты. Өзінің кәсіби қызметінің аясында Нұр-Сұлтан қаласында туберкулезге қарсы қызметті ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді. Диагностика мен емдеудің жаңа модельдерін тиімді енгізіп, туберкулезге қарсы қызметтің МСАК ұйымдарының интеграциясы бойынша бағытты, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында Туберкулез мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытады. Анна Борисовнаның бастамасымен және тікелей қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік қолдау жүйесі енгізілді және ұйымдастырылды. Коронавирусты инфекция таралған алғашқы күннен бастап індетпен күресуге үлес қосып келеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.