Ли Иван Иванович

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры

1960 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. Терапевтік, хирургиялық, реабилитациялық көмек, неонаталдық хирургиямен босану бейіндері бойынша медициналық қызмет көрсететін көпбейінді аурухананы басқарды. И.И Ли жетекші лауазымында жұмыс істеген барлық уақытта өзін сауатты басшы, тамаша ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Басшылық ету кезеңінде ауруханада алдыңғы қатарлы көшбасшы болды. ШЖҚ «№2 қалалық көп салалы аурухана» МКК жақсы ойластырылған стратегияның арқасында заманауи медициналық технологияларды меңгерген, білікті және тәжірибелі қызметкерлері бар, пациентке жоғары қызмет көрсетілетін кәсіпорынға айналды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.