Данбаева Жулдыз Сейткамзиновна

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№3 көпсалалы қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры

1965 жылдың 6 ақпанында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Жоғары санатты дәрігер. Денсаулық сақтау ісінің Үздігі. Медицина ғылымдарының кандидаты.

2020 жылдың 6 наурызынан бастап «№3 көпсалалы қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-де провизорлық стационар ашылды. Бұл жерде директор Данбаева Жұлдыз Сейтқамзақызының басшылығымен оның ұжымы пациенттерге уақытпен санаспай, медициналық қызмет көрсетті. Карантиндік стационарда төсек-орын жетіспегендіктен, «Рамада Плаза» қонақ үй кешенінен 800 төсек-орын ашылды. Оның қарамағында кәсіби мықты медицина мамандары, дәрігерлер, медбикелер жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.