Жусупбекова Гулнар Мейрбековна

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медициналық орталығы» ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі

12.11.1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.  Нұр-Сұлтан қаласының көп салалы медициналық орталығының вирустық және стафило-стрептокк инфекциялары бөлімшесінің меңгерушісі. 2018 жылға дейін дәрігер-инфекционист болып жұмыс істеді. Жұқпалы аурулар мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар. Инфекциялық стационарда пандемия басталғаннан бастап жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеп, өзін кәсіби маман ретінде көрсетіп, КВИ бойынша пациенттерге медициналық көмегін аямады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.