Ксанова Жанар Мұхтарбекқызы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 көпсалалы қалалық ауруханасы " ШЖҚ МКК директорының орынбасары

1979 жылы 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауылында дүниеге келген.

"Дерматовенерология"мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Денсаулық сақтау ісінің үздігі. № 3 аурухана базасында провизорлық стационар ашылған сәттен бастап тәулік бойы пациенттерге кәсіби көмек көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Қ Тоқаевтың Жарлығымен «Шапағат» төсбелгісмен наградталған.