Дүкендер мен сауда нысандары:

  • сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық талаптарды сақтай отырып, демалу аймақтары мен демалыс аралдарында сатып алушылардың болмауымен, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуатының 30% -дан аспауын ескере отырып, 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс кестесін құрумен, демалыс және мереке күндерінде жұмыс істеуге тыйым салумен (оларда орналасқан дәріханалар мен тамақ сатуға арналған минимаркеттерді, супермаркеттерді қоспағанда) ұйымдастыру. Сонымен бірге, осы нысандарда және олардың аумағында орналасқан аттракциондарға, балалар ойын алаңдарына, кинотеатрларға, ойын орталықтарына, фуд-корттарға жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады;

 

  • «Ailand» отбасылық демалыс орталығының жұмысын, атап айтқанда Джунгли аниматроникасы театры мен Океанариумның жұмысын, театрландырылған қойылымдарға тыйым салумен, әр аймақта бір мезетте 10-нан аспайтын келушілерді өткізумен, бассейндерді су аттракциондарынсыз, сонымен қатар «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «SkyBeachClub» жағажай клубының бассейнінің жұмысын су аттракциондарынсыз, санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шаралар мен мекемелердің талаптарын сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебімен, жобалық сыйымдылығының 50% -дан аспайтындай және демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, тұрақты режимдегі жұмыс кестесін орнатумен ұйымдастыру;

 

  • қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар), оның ішінде сауда және ойын-сауық орталығында (бөлек үй-жайларда) орналасқан үй-жай ішіндегі және жазғы орындарда 50-ден артық емес орындықтардың толымдылығы бойынша шарттарды сақтаумен және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызумен, өзі алып кетуге тыйым салумен, жұмыс  күндері жұмыс кестесін жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 9.00-ден 00.00-ге дейін, ал ғимараттарда және тұрғын аудандарда орналасқан объектілерді жұмыс кестесі жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етумен ұйымдастыру. Бұл ретте, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;

 

  • жабық тамақ өнімдері мен азық-түлікке жатпайтын базарлардың жұмысын жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00 сағат-қа дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бір келушіге шаққанда 4 м2 мөлшерінде жобалық қуатының 30% -нан аспайтын, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салумен ұйымдастыру;

 

  • азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық аспан астында) жұмысын жұмыс кестесін жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

 

  • «демалыс күндері» (ашық аспан астында) ауылшаруашылық, мектеп және азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып ұйымдастыру және жұмыс кестесін тек демалыс күндері 9:00-ден 19:00-ге дейін белгілеу;

 

  • азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату дүкендерінің жұмысын күшейтілген санитарлық және эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тұтынушыға жобалық қуаттылығының 30% -дан аспайтын 4 м2 мөлшерінде ұйымдастыру, жұмыс кестесін жұмыс күндері мен демалыс күндері 09:00-22:00-ге дейін белгілеу;

 

  • азық-түлік өнімдерін сататын дүкендердің жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, тұтынушыға жобалық қуаттылығының 30% -дан аспайтын 4 м2 мөлшерінде жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 08:00-ден бастап сағат 23:00-ге дейін ұйымдастыру;

 

  • көшедегі тамақ саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысын (соның ішінде фаст-фуд өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып кететін кофені, көкөніс сататын орындарды және басқаларын сататын объектілерді) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастыру.