Мәдениет, ғылым, ойын-сауық және спорт

  • мәдениет объектілерінің (толымдылығы 50%-дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын театрларға бара отырып, 30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, мұражайлардың, галереялардың, көрмелердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және 65 жастан асқан көрермендердің келуін шектей отырып, штаттық жұмыс режимін белгілеумен ұйымдастыру;

  • ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, митингілерді, шеруге, жиындарды және т. б. өткізуге тыйым салу;

  • қызметі Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 240 қаулысымен тыйым салынған нысандарға, атап айтқанда ойын-сауық мекемелеріне (бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтыс ойыны және т.б.) баруға жол бермеу.