Жұмыспен қамтудың жол картасы

Пандемия кезінде елорда халқын жұмыспен қамту – халықты әлеуметтік қолдаудың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерінің бірі.

Елордалық жұмыспен қамту орталығы арқылы уақытша немесе тұрақты жұмыс ұсынылады.

Қалада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылуда.

ЖҚЖК мемлекеттік бағдарламасы сәуір айының соңында іске қосылды, оның мақсаты – жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру, елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау.

«2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. ЖҚЖК бағдарламасының аясында жұмыспен қамту орталығы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады. Мұнда Нұр-Сұлтан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы құрылыс, жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру саласындағы жұмыстарды ұсынады. Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 7628 адамды ЖҚЖК жобаларына жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

2020 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша 3007 адам жұмыспен қамтылды. 101 ұйыммен ниет хаттамасы жасалды.

Қалада мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 61 миллиард теңге бөлінді, елордада барлығы 132 инфрақұрылымдық жоба жасалды. 95 жоба бойынша жұмыс басталды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы білікті мамандарды іріктеумен айналысады және жұмыс беруші мердігерлермен әңгімелесуге жібереді.

Бағдарлама қатысушылары – жұмыссыздар. Құжаттар тізімі: жеке куәлік, бар болған жағдайда диплом, бар болған жағдайда еңбек кітапшасы. ЖҚЖК бағдарламасына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген болу міндетті емес.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы бойынша жұмыс орындары

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында әртүрлі мамандықтар бойынша оқуға немесе уақытша жұмысқа орналасуға болады (жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орны).

«Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталығы 17 мамандық бойынша кәсіптік оқу ұйымдастырады.

Сіз аспазшы, наубайханашы, кондитер, тігінші, шаштараз, кассир, оқытушының көмекшісі, жиһаз жинаушы мамандықтарына қайта даярлықтан өтіп, анимация мен видео графика бойынша білім ала аласыз.

Мамандықтар тізіміне ағаш шебері, арматурашы, монтаждау, газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу слесары, газ және электр дәнекерлеушісі, электр слесары, электр дәнекерлеуші кіреді.

Жастар практикасы

29 жасқа дейінгі жастар мамандық бойынша бастапқы тәжірибе алу үшін жастар практикасына шақырылады.

Жұмыс ұзақтығы – алты айдан аспайды. Жалақысы 89 мың теңгеден басталады.

Жастар практикасы бойынша бос жұмыс орындары

Әлеуметтік жұмыс орындары

Аз қамтылған, көп балалы отбасылардың мүшелері және қарауында мүгедек балалары бар адамдар субсидияланған жалақысы бар әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұра алады. Жыл басынан бері әлеуметтік жұмыс орнына 85 адам жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша бос орындар

Елорданың жұмыссыз тұрғындары 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақысыз және қайтарымсыз мемлекеттік грант ала алады. Ол үшін Жұмыспен қамту орталығында «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқу немесе «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша курстан өту керек.

22 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы онлайн режимде жұмыс істейді.

Астаналықтар 57-88-88 нөміріне және электронды пошта арқылы байланыс орталығына  хабарласа алады.

Жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік көшесі, 25 үйде орналасқан.

Байланыс:  +7 (7172) 57-88-89, +7 775 777-10-06, +7 707 271-06-10.

Орталықтың қызметтері туралы толық ақпаратты www.cz.astana.kz ресми сайтынан және Орталықтың әлеуметтік желідегі парақшаларынан алуға болады.

Жұмыс берушілерден тікелей жұмыс орындарын www.enbek.kz сайтынан таба алады.

Мемлекет басшысы КВИ бойынша жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерін қолдау жөнінде тапсырма берді.

2020 жылдың наурыз айында медициналық ұйымдар өз қаражаты есебінен COVID-19 (Изолятор) коронавирусының зертханалық расталған диагнозы бар пациенттермен тікелей жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерге 2 лауазымдық айлықақы мөлшерінде сыйақы берді. Медицина қызметкерлеріне провизорлық, карантиндік стационарлар және медицина қызметкерлеріне көшпелі бригадаларының қалалық медициналық жедел жәрдем стансасы 1 айлықақы мөлшерінде белгіленеді.

2020 жылғы 4 сәуірде денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртанов Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдау мәселелері бойынша бұйрыққа қол қойды. КВИ-ға қатысқан Нұр-сұлтан қаласының медицина қызметкерлері еңбекақыға қосымша үстеме алды.

Бұдан бөлек медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі жеке пысықталды. Ауру болған жағдайда сақтандыру төлемі 2 миллион теңгені құрайды, медицина қызметкері қайтыс болған жағдайда төлем 10 миллион теңгені құрайды.

Сондай-ақ отандық меценаттар тарапынан да қолдау көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Біз біргеміз» қоғамдық қорын құрды, ол жерден КВИ-ды жоюға тартылған медицина қызметкерлеріне қосымша төлемдер алынды.

Сонымен қатар зиянды және қауіпті факторлардың әсерін болдырмау (азайту) үшін медициналық қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге Үкімет резервінен қажетті қаражат бөлінді. Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиялық мәселе және қаланың медициналық ұйымдарының бірінші басшыларының бақылауында.

КВИ-ға тартылған медицина қызметкерлері нақты жұмыс істеген уақыты үшін және тәуекел тобына байланысты үстеме алады. Осылайша, 1-тәуекел тобы бойынша ең жоғары үстеме сомасы 850 мың теңгені немесе 20 ЕТЖ, 2-тәуекел тобы бойынша 425 мың теңгені немесе 10 ЕТЖ, 3-тәуекел тобы бойынша 215,5 мың теңгені немесе 5 ЕТЖ құрады.

КВИ жоюға тартылған медицина қызметкерлері тәуекел тобына байланысты үстеме алады.

Бірінші топ (өте жоғары қауіпті топ) — бұл covid-19 коронавирус диагнозы зертханалық расталған пациенттермен тікелей жұмыс істейтін инфекциялық стационарлар мен реанимация орталықтарының дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері.

Екінші топ (жоғары қауіп тобы) – бұл провизорлық стационарлар мен жедел жәрдемде тікелей байланыста жұмыс істейтін дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері.

Үшінші топ (орташа тәуекел тобы) — бұл карантинді стационарларда байланыста болған адамдармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел жәрдем жүргізушілері, ЖРВИ және пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға белгіленген МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері, МСАК кабинеттерінің және шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің медицина қызметкерлері.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109