Covid-19 коронавирус инфекциясы түрлі дәрежедегі адамдар  топтарына әрқалай әсер етеді. Инфекция жұқтырғандардың көпшілігінде ауру жеңіл немесе орташа деңгейде өтеді және оларды ауруханаға жатқызу қажет емес.

Жиі байқалатын белгілер:

  • дене қызуының көтерілуі, қалшылдау;
  • жөтел;
  • шаршау

Кей науқастарда мына белгілер де кездесуі мүмкін:

  • ауырсыну;
  • тамақ ауруы;
  • диарея;
  • конъюнктивит;
  • бас ауруы;
  • дәм сезбеу
  • тері бөрітуі немесе аяқ, қол тырнақтарында пигменттың азаюы.

Ауыр жағдайдағы науқастарда кездесетін белгілер:

  • тыныс алу қиындайды және ентігу;
  • көкірек тұсы ауыру, жалпы ауырсыну;
  • науқастың ауыр қозғалуы және сөйлей алмауы;
  • дене қызуының көтерілуі.

 

Егер сізде инфекцияның ауыр түрі белгілері байқалса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Орташа айқын белгілері бар және басқа аурулар жоқ адамдарға үйде симптоматикалық емдеу ұсынылады.

Орташа есеппен жұқтыру уақыты мен симптомдардың пайда болуы арасында 5-6 күн өтеді, бірақ кейбір жағдайларда бұл кезең 14 күнге дейін созылуы мүмкін.