Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрінде науқас амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар

  1. Үйден шықпаңыз.
  2. Түшкіру немесе жөтел кезінде вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын майлықпен ауызды және мұрынды жабыңыз.Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт қоспасы бар антисептикпен өңдеу керек. Үнемі тығыз орналасқан медициналық масканы киіңіз және оны әр 2 сағат сайын өзгертіңіз.
  3. Қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізіндегі антисептикпен тамақ алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін өңдеу. Қолды сүрту үшін бір рет пайдаланылатын майлықтарды қолданған жөн.
  4. Жеке ыдысты пайдаланыңыз.
  5. Дене қызуы немесе ауру белгілері пайда болған кезде COVID-19 бойынша колл-орталығына хабарласу немесе карантин туралы хабарлап, жүгіну себебін айтып, жедел жәрдем шақыру қажет.

Үйде оқшауланудың қашықтан мониторингін қамтамасыз ету

Мониторингті қамтамасыз ету үшін:

  1. Үй карантиніндегі тұлғаға смартфонға Smart Astana мобильді қосымшасын орнату және қосымшаға барлық рұқсаттарды беру (GPS, WiFi, Bluetooth)
  2. «Мен карантиндемін» режимін қосу және оны үй карантині режимін өшірмеу
  3. Телефон үнемі қосулы болуы керек және интернетке қосылуы керек.
  4. Мобильді қосымша белсенді немесе фондық режимде жұмыс істеуі керек (қосымша статусын бақылауға болады)
  5. «Үй карантині» функциясын пайдалану кезінде пайдаланушы GPS, Bluetooth және WI FI режимін ажыратпауы керек.

Үй карантиніндегі науқастың отбасы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар

Ұсыныстар:

  1. Бөгде адамдарды келтірмеу.
  2. Карантин бөлмесіне кірерде ауызды және мұрынды жабатын тығыз медициналық маска кию қажет. Егер медициналық маска дымқыл немесе лас болса, оны дереу жаңа медициналық маскамен ауыстыру қажет. Тиісті техниканы қолдана отырып, медициналық масканы шешіңіз, яғни алдыңғы бөлігін ұстамаңыз.
  3. Күн сайын отбасының әрбір мүшесінің дене температурасын күн сайын кеміне 2 реттен өлшеу керек.
  4. Үйді күн сайын кеміне 2 реттен желдету керек.
  5. Күн сайын ылғалды жинау.
  6. Қолды сабынмен жиі жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу, қолды сүрту үшін бір рет пайдаланылатын майлықтарды қолданған жөн.
  7. Әрбір отбасы мүшесіне жеке ыдыс-аяқ пен жеке гигиена құралдарын пайдалану
  8. Түшкіру немесе жөтел кезінде вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет пайдаланылатын майлықпен ауызды және мұрынды жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу керек.
  9. Отбасының кез келген мүшесінде дене қызуы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде дереу COVID-19 бойынша колл-орталығына хабарласу қажет. Карантин туралы хабарлау және жүгіну себебін көрсете отырып, жедел жәрдем шақыруға да болады.

Маска мен қолғапты қалай дұрыс кию керектігі туралы

Медициналық маскалар тыныс алу жолдарын COVID-19-дан тиімді қорғауға көмектеседі. Масканы әр екі сағат сайын ауыстыру керек. Қайта қолдануға болмайды, өйткені маскада микробтар мен вирустар қалады. Сондай-ақ пайдаланылған затты өзге адамдарға беруге тыйым салынады.

Егер адам ауырып қалса, айналадағы басқа адамдарға жұқтырмау үшін медициналық маска кию керек. Бірінші кезекте қолды сабынмен жуу керек. Бетпердені тағып, ауыз бен мұрынды жабу қажет. Яғни, оны иектің соңына дейін созыңыз. Маска бетті толықтай жабу үшін, кеңсіріктің жоғарғы шетін басу керек. Адам түшкіріп немесе жөтелгенде бетпердені алып тастауға болмайды. Егер суланып не бүлініп қалса, медициналық масканы өзгертіңіз. Бетпердені алғаннан кейін міндетті түрде қол жуу керек.

Өзге адамға жұқтырмау үшін немесе үшінші адамның аурып қалмауы үшін пайдаланылған өнімді дұрыс тастау керек. Мұндай заттармен мұқият жұмыс істеу маңызды, себебі вирус масканың бетіне түсіп, белгілі бір уақыт өмір сүруі мүмкін. Таңғыштың алдыңғы бөлігіне қол тигізбей алу керек. Жеке пакетке салып, тығыздап жабыңыз. Содан кейін ғана медициналық масканы қоқыс шелегіне тастауға болады. Қолды жуып, құрамында спирті бар антисептик пайдаланыңыз.