Мемлекет есебінен тесттен өту  ЖРВИ белгілері болған жағдайда ғана мүмкін болады. Ол үшін сізге жедел жәрдем шақыру немесе емханаға учаскелік дәрігерге бару қажет.

Covid-19-ды ПТР тестілеуден ақылы негізде зертханалық клиникаларда өтуге болады.

КВИ талдауы расталып, ауру табылған  кезде:

  • Үйде қалып, ешқайда шықпау қажет.
  • Аумақтық емханаға учаскелік дәрігерге қоңырау шалу және талдау нәтижелері туралы хабарлау керек. Егер пациентте ауру симптомдары байқалса,  медициналық бақылауда ұстау немесе ауруханаға жатқызу туралы шешімді емхана дәрігері қабылдайды.

Симптомсыз  науқас учаскелік  емхана дәрігерінің қашықтан қадағалауымен үйде қалады.

Covid-19 симптомы жоқ науқастар міндетті медициналық бақылауға жатады, себебі оларда да 14 күн ішінде клиникалық симптомдар пайда болуы мүмкін.

Covid-19 жеңіл нысаны бар адамдар да үйде медициналық бақылауға жатады. Ауыр дәрежелі ЖРВИ белгілері  және пневмония болған кезде  науқастарға  ем тағайындай отырып, провизорлық стационарға жатқызады. КВИ расталған жағдайда пациент инфекциялық стационарға ауыстырылады.

ПТР-тестілеуден өтуге болатын зертханалық клиникалардың тізімі: