2142

Елордада 1 ақпаннан бастап кезең-кезеңімен вакцинациялау басталады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингте елорданыкң бас дәрігері Тимур Мұратов хабарлады.

«Вакцинация 18-ден 64 жасқа дейінгі адамдарға жасалады, Нұр-Сұлтан осы санатта 735 мың адам бар. Вакцинация ерікті негізде, әр азаматқа тегін жасалады. Тұрақты профилактикалық егулерге және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға КВИ-ға қарсы екпе салынбайды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Сондай-ақ, коронавирустың ауыр жағдайы және симптомсыз белгілері бар адамдар екпе алуға жатпайды.

Жұқпалы ауруы бар науқаспен, оның ішінде КВИ-мен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін ғана вакцинацияланады.

«Екпе салу алдында COVID-19 қарсы антиденелердің бар жоғын анықтау үшін скрининг жасалмайтынын атап өткім келеді. Коронавирустың кез келген формасымен ауырғандар емделген соң алты айдан кейін ғана вакцина салдырғаны жөн. Әрине вакцина салар алдында денсаулығы ескерілетін болады», - деді Тимур Мұратов.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109