1750

Елордада екі мыңға жуық адам COVID-19 инфекциясына қарсы екпе қабылдады

Елімізде ақпан айының алғашқы күнінен бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау басталған болатын. Бүгін ел астанасында өткен арнайы онлайн брифингте осыған дейін атқарылған жұмыстар жайлы есеп берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Брифингке Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова, Нұр-Сұлтан қаласы Алғашқы медициналық санитариялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әлия Өмірзақова қатысты.

«Бүгінгі таңда елордада вакцинацияның үшінші аптасы аяқталуда. Вакцинация емханаларда инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық жәрдемнің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының, көпбейінді стационарларда қабылдау бөлімшелерінің медицина қызметкерлеріне жүргізілуде. Тиісті контингенттен (6300 адам) бүгінгі күні 1 980 адам вакцинацияланды», - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Ол сөзін жалғай отырып, вакцинацияланғандардың арасында асқынулар болмағанын айрықша атап өтті.

«Қазіргі уақытта ресейлік Гам-КОВИД-Вак вакцинасымен жүргізілуде. Препарат екі компонентті, үш апта аралықпен екі рет енгізіледі. Екінші компонентпен вакцинациялау 22 ақпанда басталады. Вакцинацияның толық курсынан кейін 1,5 ай ішінде ағзаның иммундық реакциясы туады, сондықтан вакцинацияланғандарға алдын алу шараларын сақтауды жалғастыру қажет.

Вакцинаның келесі жеткізілімі ақпан айының соңына күтілуде», - дейді Әлия Рүстемова.

Вакциналардың жаңа партиясы келіп түскен уақытта медицина қызметкерлерін егу ары қарай жалғасады, сондай-ақ педагогтарды, күш құрылымдарының қызметкерлерін, созылмалы аурулары бар науқастарды және басқа да жұртты кезең-кезеңімен егу басталады.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында вакцинация жүргізу үшін егу кабинеттері, күту залдары физикалық қашықтық талаптарын сақтай отырып дайындалды, онда вакцинацияланған адамдар 30 минут бойы медициналық бақылауда болуы тиіс. Вакциналарды тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш және 82 термоконтейнер бар. Қосымша 22 мұздатқыш қондырғы (120 литрден) сатып алынды. Бұл қажеттілікті толығымен жабады. Барлық тиісті тұлғалар КВИ-ға қарсы вакцинацияны тіркелген емханаларда тегін алатын болады», - деп ведомство өкілі сөзін аяқтады.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109