1239

Елордаға COVID-19-ға қарсы 2 мыңнан астам вакцина дозасы жеткізілді

Ресейлік "Спутник- V" вакцинасының 2030 екінші компоненті елордалық Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді. Екі компоненттің сыртқы бейнесі түс айырмашылығымен ерекшеленеді. Біріншісі  - көк, екінші компонент қызыл түсті. Бір флакон 5 адамға екпе салдыруға арналған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Келіп түскен жаңа дозалар бірінші кезеңде вакцинациялау үшін белгіленген қалалық емханаларға тапсырылды. Ауруханалардың медициналық қызметкерлерін, жедел-жәрдем бригадаларының фельдшерлерін, сүзгі кабинетінің қызметкерлерін және өзгелерін вакцинациялау ары қарай жалғасады.

Тиісті екінші екпесін 21 күннен кейін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов та алды. Емшара бөлмесінің қызметкерлері басқарма басшысының жағдайын сұраған кезде денсаулығы ойдағыдай екенін жеткізді.

"Кішкене әлсіздік байқалды. Бірақ вакцинадан кейінгі мүмкін болатын әсерлерден хабардар едім. Коронавирус жұқтырып, ауырып қалу қорқыныш сезімі оған қарсы екпе алудан әлдеқайда жоғары", - деп атап өтті Т. Мұратов.

Жалпы елорда бойынша вакцинациялау басталғалы бері 2008 адам екпе алды. Жоспарда 5 700 адамға екпе салдырту бар.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109