2980

Елордада қоғамдық көліктің жұмыс кестесіне қандай өзгеріс енгізіледі?

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова карантиндік шектеулерді қатайту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжат 30 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өзгерістер қалалық қоғамдық көліктің жұмысына да әсер етті.

«Қалалық қоғамдық көліктің жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері штаттық режимге сәйкес, ал жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру қажет. Жексенбі күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», — делінген қаулыда.

Жолаушылардың қоғамдық көліктерге маскасыз кіруіне тыйым салынады. Ал жолақысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы ғана жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» орналасқан. Күн сайын қалада коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109