1794

Елордалықтар үшін 6 мамырдан бастап Қытайдың Sinopharm вакцинасы қолжетімді болады

Қытайдың коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасының 7 400 дозасы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткізілді. Бұл туралы онлайн-брифингте ведомство басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Жақында басқарма қоймаларына 7 400 дозада қытайлық Sinopharm вакцинасы жеткізілді. Елорда тұрғындарын Қытай вакцинасымен вакцинациялауды ертеңнен бастап МСАК ұйымдарында, яғни медициналық ұйымдарда ғана бастаймыз. Екпе қабылдағысы келетін адам вакцинаның түрін өзі таңдайды», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ол сондай-ақ, бүгінде елордада коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың 100-ден астам егу пункті жұмыс істейтінін еске салды: МСАК мекемелерінде және қаланың ірі СОО-ларында. Олар сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қала тұрғындары вакцинаның түрін өзі таңдай алады. Қазір мынадай вакцина түрлері қолжетімді: қазақстандық QazVac, ресейлік «Спутник V», енді қытайлық Sinopharm.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109