2028

Елордада жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елорданың денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлерімен кеңес өткізді. Кездесуде халықты жаппай вакцинациялау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Кеңеске қатысушылар қазіргі эпидемиологиялық жағдайды, медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың болуын, сондай-ақ халықты КВИ-дан жаппай вакцинациялау жұмыстарын талқылады.

«Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті СОО-лардағы мобильді орталықта жүргізіліп жатқан жұмыстан хабардар етті. Екпе алғысы келетіндер қатары 1,5 есеге артты. Дәрігерлер науқастарды емдеу жолында басынан кешкен оқиғаларын әңгімеледі. Жақында КВИ-мен ауыр күйде түсіп, өкпесі 99% зақымданған жүкті науқас емделіп, №2 көпсалалы қалалық ауруханадан шығарылды, жүрек жетіспеушілігі және басқа да ауруы бар науқастар емделіп, бұрынғы өміріне қайта оралды. Жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды», — деді Бақтияр Мәкен.

Қала әкімінің орынбасары COVID-19-ға қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруды, тұрғындар арасында вакцинациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізуді, халықты вакцинациялауға жазу бойынша call-орталықтардың жұмысын күшейтуді, кадрлар мәселелерін бақылауға алуды, сондай-ақ медицина мекемелерінде дәрі-дәрмектердің бар-жоғына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109