1524

Маска тақпаған, кальян ұсынады: Елордада карантинді бұзғаны үшін тағы үш мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елордада карантиндік шектеулердің бұзылуына жол бермеу және оның жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды бұзып, өзіне және қала тұрғындарына қауіпті вирус жұқтыру қаупін төндіретін кейбір мекемелер ескерту мен әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан тәртіпті жүйелі бұзып келеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайты.

Мәселен, 11 мамырда мониторингтік топтар шектеу шараларын бұзған үш кәсіпкерлік нысанын анықтады.

Байқоңыр ауданында карантин режимін сақтамағаны үшін «Панаехали» кафе-бары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жұмыс уақытының белгіленгеніне қарамастан Сарыарқа ауданында орналасқан «Караван» кафесі түн ортасынан кейін де келушілерді қабылдады.

Есіл ауданындағы «Панаехали» барында қызметкерлер маска режимін сақтамағаны, сонымен қатар келушілерге кальян ұсынғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша екі айдан бері «қызыл» аймақта тұр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр.

Жағдайдың нашарлауына жол бермес үшін қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері санитарлық нормаларды қатаң сақтауы, дәрігерлер мен эпидемиологтардың ұсынысын толық ұстануы қажет.

Бүгінгі таңда қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі ұжымдық иммунитетті дамыту болып саналады. Бұл халықты жаппай вакцинациялау жағдайында ғана мүмкін болады.

Қалада бұл үшін барлық жағдай жасалған: БМСК мекемелерінде және елорданың ірі СОО-да 100-ден астам егу пункттері ашылды, олар кешкі сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Вакцинация тегін жүргізіледі.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109