1137

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы: Маусым айында коронавирус жұқтыру екі есе азайды

Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл аймақта» болғанынына қарамастан мамыр айынан бастап КВИ көрсеткішінің төмендеу үрдісі байқалады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, егер 20 мамырға дейін тәулік сайын орта есеппен КВИ-дің 360-қа жуық жағдайы тіркелсе, мамыр айының соңғы онкүндігінен бастап 200-ге жуық жаңа жағдай тіркелген. Сондай-ақ, инфекциялық стационарларда емделіп жатқан пациенттер саны азайды. Бүгінгі таңда жұқпалы төсектердің жүктемесі 37% құрайды, ал мамыр айының басында 63% пайыз болатын.

«Тәулігіне инфекциялық стационарларға шамамен 70 адам түседі, Бұл мамыр айының басына қарағанда екі есе аз. Науқастардың азаюына вакцинациялау маңызды рөл атқарды деп санаймыз. Соңғы аптада науқастар санының азаюына байланысты жалпы саны 240 төсек-орыннан тұратын 3 инфекциялық стационар жабылды, сондай-ақ бір инфекциялық стационардағы төсек-орын 130 орынға қысқартылды», - деп хабарлады Әлия Рүстемова
Әлия Рүстемова ауыр жағдайдағы науқастарға арнайы тоқталып өтті. Оның айтуынша, инфекция бәсеңдегенмен қарамастан ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар саны азаймай тұр. Реанимация бөлімшесінде 73 пациент бар, оның ішінде ИВЛ аппараттарында 19 адам жатыр.

Бұл негізінен 60 жастан асқан адамдар – 70%, олардың арасында орта жастағы адамдар да бар. Сонымен қатар, бәрінде COVID-19-дан бөлек қосымша ауруы бар. Олардың 80%-ы үйде өзін-өзі емдеумен айналысып, дәрігерге уақытылы хабар бермеуінен жағдайын қиындатып алған.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109