1242

Нұр-Сұлтандағы инфекциялық стационарлардың жүктемесі 58%-ды құрайды

Елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов ОКҚ брифингінде қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Асхат Оралов елорда эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша әлі де «қызыл» аймақта екенін айтып өтті.

«Тамыз айының соңында және қыркүйек айының басында қала бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Бүгінгі таңда елордада 990 төсек-орынға арналған 7 инфекциялық стационар ашылды. Естеріңізге сала кетейік, жазда ковидтік стационарларға 4 мыңға жуық төсек орны бар 16 стационар тартылған болатын», - деді А.Оралов.

Елордада 12 қазан күні таңертең 578 адам жұқпалы аурулар ауруханасында коронавируспен емделуде, пандемия кезінде бұл көрсеткіш 70%-дан асқан кезде жүктеме 58,4%-ды құрайды.

Әкім орынбасары сондай-ақ жұқпалы аурулар стационары ретінде тартылған қалалық ауруханалардың негізгі қызметі қалай және қашан қалпына келтірілетінін айтты.

«Осы аптада біз №1 Көпбейінді қалалық аурухана базасында ковидтік стационарды жабамыз, онда тәулік бойы және күндізгі стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі. Бұл қалалық аурухана биыл шілде айының басында 600 төсектік жұқпалы аурулар стационарына қайта бейімделген болатын», - деп хабарлады спикер.

Асхат Оралов COVID-19-бен күрестегі басты құралдардың бірі халықты вакцинациялау екенін атап өтті.

Бүгінде елордалық стационарлардың жансақтау бөлімінде 56 пациент, ал ӨЖЖ-де 14 пациент жатыр. Барлығы 127 реанимациялық төсек орын бар.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109