1139

"Ashyq" жобасына елорданың 13 мыңнан астам нысаны қатысып жатыр

Елордада осы жылдың 20 мамырынан бастап бүгінге дейін мониторингтік топтар "Ashyq" қатысушы-нысандарының 15 725-тен астамын тексерді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың қатысуымен өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Асхат Оралов "Ashyq" жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ жобаға қатысушылардың шектеу шараларын бұзушылықтарын анықтау туралы айтып берді.

"Осы жылдың 26 ақпанынан 12 қазанына дейін Нұр-Сұлтан қаласында "Ashyq" жобасына 13 363 нысан қатысады, оның ішінде қатысушылар - 1 904 және ерікті қатысушылар - 11 459. Олардың ішінде - кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау нысандары, өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындар және т.б. қала бойынша "Көшбасшы "Ashyq" мәртебесі бар 294 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген", - деп хабарлады қала әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, 574 нысанда шектеу және карантин шараларын бұзу фактілері анықталды.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес аясында осы жүйені ШОБ, мемлекеттік мекемелер мен білім беру объектілерінде енгізу жалғасуда", - деп толықтырды Асхат Оралов.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109