1179

Елордада COVID-19 жұқтырған науқастардың 80%-ға жуығы - ересектер

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, елорда алты айдан бері «қызыл» аймақтан шығар емес. Қалада тәулігіне орташа есеппен коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 200-ден астам жаңа жағдайы тіркеледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы ОКҚ брифингінде қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді.

Мәселен, елордада COVID-19 жұқтырған науқастар арасында ересек тұрғындар үлесі 79,7%-ды құрайды, оның 20,3%-ы - 30-39 жас, 27,8%-ы - 40-59 жас, 20,1%-ы - 18-29 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі. Ал 11,5%-да 65 жастан асқандар.

«Қыркүйек айында ауру жұқтырған балалардың үлес салмағы 16%-дан 24,3%-ға дейін, жасөспірімдердің үлес салмағы 2,5%-дан 5,4%-ға дейін өсті, науқас оқушылардың үлесі 2,3%-дан 20%-ға дейін өсті. Оқу жылының басынан бері COVID-19 жұқтырған оқушылар саны 2232-ні құрады, бұл халықтың жалпы санының 19,6%-ы және оқушылардың жалпы санының 1%-ы. Олардың 642-сі немесе 29%-ы мектепке барғанға дейін ауырып қалса, оқушылар арасында 1590 жағдай мектепте оқу басталғаннан бері тіркелген», - деп хабарлады Сархат Бейсенова.

Сондай-ақ, санитарлық дәрігер ауру деңгейінің төмендеуіне және вакцинацияланған азаматтар санының өсуіне байланысты карантиндік шаралардың жеңілдетілгенін еске салды.

«COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 27 қыркүйекте «Ashyq» жүйесіне қатысушы объектілерде салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар өткізу рұқсат етілді, оған кіру тек «жасыл» статусы бойынша жүргізіледі. Сол сияқты «қызыл» аймақтың өлшемдеріне сәйкес, саны 50-ден аспайтын адамның қатысуымен рұқсат етіледі. Бұл кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлері үшін де, келушілері үшін де қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қалада 400 мыңнан астам адам толық вакцинациядан өткенін назарға ала отырып, 2 қазанда Нұр-Сұлтанда шектеу және карантин шараларын жеңілдету туралы қаулы қабылданды», - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, Сархат Бейсенова жарты жылдан астам уақыт бойы елорда эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақта екенін еске салды, сондықтан босаңсуға болмайды.

«Күн сайын 60-70 адам қаланың инфекциялық стационарларына түседі. Бұл факт бәрін алаңдатуы керек. Біз екпені неғұрлым жылдам алсақ, соғұрлым пандемиядан құтыламыз», - деді елорданың бас дәрігері.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109