917

Нұр-Сұлтанда көбінесе жасөспірімдер вакцина алуда

Елордада Pfizer препаратымен 12-17 жас аралығындағы 3 700-ден астам оқушы екпе алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Екпе алғандардың қатарында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ұлы Нұрәділ Мұратов та бар.

13 жастағы мектеп оқушысына тиісінше Pfizer вакцинасы салынды. Жасөспірім вакцинациядан кейін өзінің денсаулық жағдайымен бөлісті.

«Кеше екпе алдым, өзімді әдеттегідей сезінемін – бәрі жақсы. Вакцина салған жерім ғана ауырады, бұрақ бұл қалыпты ғой», - деді Нұрәділ Мұратов.

Оған дейін Нұрәділ Pfizer вакцинасы туралы көп ақпарат оқыған екен.

«Дәрігердің ұлы ретінде денсаулықты қалай күту керек екенін білемін, жаман індетпен ауырып қалу немесе ауырмау тек менің қолымда. Осыған дейін Pfizer туралы көп оқыдым, бұл вакцинаны алған адамдардың пікірін оқыдым, интернетте бұл туралы түрлі мақалалар іздедім. Өз басым вакцинация алудан ешқандай қорқыныш көріп тұрған жоқпын. Әкеміз вакцинация туралы көп айтқан. Екпе алуды шешімді өзім қабылдадым», - деді 13 жастағы мектеп оқушысы.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов өз сөзінде балалар үшін вакцинацияның маңыздылығы туралы көп түсіндіргенін айтты.

«Мен, ең алдымен, екі жасөспірімнің әкесі ретінде олардың болашағы мен денсаулығына алаңдаймын. Анасы екеуіміз вакцина алуға мәжбүрлемедік. Оларға ата-аналар ретінде вакцинаның қалай жұмыс істейтінін және вакцинацияның не үшін қажет екенін ғана түсіндірдік. Олардың өздері де адамның иммунитеті туралы жеткілікті біледі, сондықтан екеуі де екпе алуға келісті. Жақында үлкен ұлым ЖРВИ-мен ауырған, сол себепті толық жазылғаннан кейін вакцина алады», - деді Т. Мұратов.

Бүгінгі таңда елордада Pfizer алуға жататын контингенттен 5,5 мыңнан астам қала тұрғыны вакцина алды. Оның ішінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 3 773, бала емізетін аналар – 1 667, жүкті әйелдер – 106.

Елордаға америкалық препараттың алғашқы кезеңінде 35 100 дозасы жеткізілді.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109