1443

«Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2020 жылғы 20 қарашасындағы №248 қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулы

7 желтоқсан 2020 жылғы                                                              Нұр-Сұлтан қаласы

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Қ. Пралиева "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107 баптарына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 65 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 1. «Нұр-сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» Нұр-сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 248 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1.1. 3-тармақ 3.9.1. тармақшасымен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын: "Серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәулік өтпеген ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болған кезде серіктес босануды жүргізуге рұқсат беру";

1.2. 3-тармақтың 3.19-тармақшада "және мереке" деген сөздер алынып тасталсын;

1.3. 3.20 тармақшасын өзгертіп және мынадай редакцияда  жазылсын: "Аниматроникстер театрларының, океанариум жұмысын қатаң түрде галереялар/мұражайлар типі бойынша жұмыс режимінде, әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден аспайтын, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып жұмысын ұйымдастыру»;

1.4. 3.20.1. тармақшасымен толықтырылып  және мынадай редакцияда  жазылсын: "Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмысқа тыйым сала отырып, бір адамға су айнасы 5 м2 есебінен су аттракциондарынсыз бассейндердің жұмыс істеуі бөлігінде жабық жағажайлар мен аквапарктердің жұмысын ұйымдастыру»;

1.5. 3-тармағының 3.32-тармақшасында «бір келушіге 4 м2 бөлуді қамтамасыз»  сөздерін «бір адамға су айнасының 5 м2-ден болмайтындай етіп» сөзіне ауыстыру;

1.6.   3-тармағының 3.19 тармақшасы мынадай сөздермен толықтырылсын «Осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен»;

1.7. 3-тармағының 3.22-тармақшасында «және жазғы алаңда» сөздері алынып тасталсын;

1.8. 3-тармағының 3.23 тармақшасы мынадай сөздермен толықтырылсын «Осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен»;

1.9.   3-тармағының 3.24 тармақшасы мынадай сөздермен толықтырылсын «Осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сатып алушылардың сауда залында және алаңында болуына тыйым салумен»;

1.10. 3-тармағының 3.26 тармақшасы мынадай сөздермен толықтырылсын «Осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен».

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасына:

2.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету;

2.2. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізілсін.

  1. Нұр-сұлтан қаласы Департаментінің аудандық басқармалары осы қаулының орындалуын күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы 2020 жылдың 8 желтоқсанының сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері Ж. Пралиева

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109