860

24 желтоқсан 2020 жыл Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы ҚАУЛЫ

Мен, Нұр-Сұлтан  қаласының  Бас  мемлекеттік   санитариялық   дәрігері  Ж. Қ. Пралиева "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107 баптарына, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 57 қаулысына, Қазақстан Республикасының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 58 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 62 қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларын тіркеудің күн сайынғы өсуінің жалғасуын ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі талаптарды сақтау жалғастырылсын:

1.1. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және мерекелеудің басқа да түрлерін, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын  (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салу;

1.2. міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру;

1.3. бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салу;

1.4. қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салу: бильярд, караоке, боулинг-орталықтары, компьютерлік және ойын клубтары, түнгі клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық ғимараттардағы аймақтар мен аттракциондар, батуттар, букмекерлік кеңселер мен лотерея ұтыстары және т. б.;

1.5. 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу;

1.6. көшеде жүру кезінде қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін:

2.1. InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастау;

2.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыру;

2.3. шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру үшін  InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру;

2.4. кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында карантин режимін бұзу фактілері мен шағымдарын орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz.сайтын пайдалану;

2.5. InfoKazakhstan.kz сайтына шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыру;

2.6. InfoKazakhstan.kz. сайтына кәсіпкерлік субъектісімен объектінің паспортына келушілердің ғимараттарды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу  (осы қаулының қосымшаларында және № 57 БМСДҚ-да анықталған шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген аумақты ескере отырып анықталады және енгізіледі.).

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, "City Transportation Systems" ЖШС, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

3.1. меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 70% -ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру;

3.2. сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде, қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарда дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;

3.3. қалалық қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу.

3.4. қалааралық облысішілік автобус, шағын автобус тасымалдарының жұмысын ұйымдастыру;

3.5. діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс күндері және демалыс күндері бір келушіге кемінде 5м2  және 30%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ете отырып, бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастыру;

3.6. кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге тек оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда № 58 ҚР БМСДҚ-ның 3 қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып рұқсат беріледі;

3.7. ХҚКО жұмысын қатаң түрде Egov.kz, Telegram-бот EgovKZBot 2.0-мен алдын ала брондау арқылы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып және сенбі күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ұйымдастыру. Құжаттандыру бөлімі:  жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін. Мамандандырылған бөлім: жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін құжаттарды қабылдау, дайын құжаттарды түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін беру;

3.8. «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.9. денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастыра отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын штаттық режимде ұйымдастыру;

3.10. серіктесте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болған кезде серіктестік босануды жүргізу;

3.11. жеке медициналық орталықтардың, стоматологиялардың жұмысын алдын ала жазылу бойынша күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.12. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы ҚР ДСM-98/2020 бұйрығының 10 тарауына сәйкес, қатаң түрде ата-аналардың өтініші бойынша, әр сыныпта 15 балаға дейін жинақтаумен жұмыс істеуге рұқсат етілетін жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушылары мен халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптарды қоспағанда, ағымдағы оқу жылында меншік нысанына қарамастан  білім беру объектілерінің жұмысын онлайн-оқыту режимінде ұйымдастыру. Мектепке баратын балалар немесе қызметкерлер арасында COVID-19 ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін мектептердің карантинге жабылуын қамтамасыз ету;

3.13. меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан аспайтын толтырумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтаумен, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

3.14. білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балалар даму орталықтарының жұмысын (алдын ала жазылу бойынша, 10 адамға дейінгі топтарда) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен және демалыс күндері жұмыстарына тыйым сала отырып ұйымдастыру; 

3.15. арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

3.16. балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (алдын ала жазылу бойынша, 15 адамнан артық емес) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.17. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, уақыты мен саны бойынша шектеумен, қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) қызметіне рұқсат беру;

3.18. бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың, азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сату жөніндегі бутиктердің (бөлімдердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс және мереке күндері жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, оларда орналасқан азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сату жөніндегі бутиктердің (бөлімдердің) жұмысына жексенбі күндері тыйым салумен ұйымдастыру. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз ету;

3.19. халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жобалық қуаттың 50% -нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде ұйымдастыру;

3.20. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30% -нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуына тыйым салумен, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі және мереке күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, жексенбі күндері жұмыстарына (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататын шағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы тек өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз ету;

3.21. аниматроникстер, океанариум театрларының жұмысын қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден артық емес, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін  жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде белгілеп, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып ұйымдастыру;

3.22. су аттракциондарынсыз бассейндердің жұмыс істеу бөлігінде жабық жағажайлар мен аквапарктардың жұмысын бір адамға 5 м2 су айнасы есебінен күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

3.23. ашық ауадағы аттракциондардың жұмысын, тыйым салынған және санкцияланбаған аттракциондарды қоспағанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.24. кинотеатрлардың жұмысын отырғызу орындары санының 30%-нан аспайтын толтырылуымен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі кресло арқылы және қатарлардың арасында шахмат тәртібімен күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, № 57 ҚР БМСДҚ-ның 9-қосымшасына сәйкес, акциялар өткізбей, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру.  Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған  кезде объектінің жұмысына тыйым салуды қамтамасыз ету;

3.25. қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде 30-дан аспайтын отыратын орынның толуы бойынша шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыру мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс, және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесі сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін болатын тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілерді қоспағанда, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салумен, авто-экспресстің және тамақты жеткізудің жұмысын штаттық режимде ұйымдастыру. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады; Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз ету;

3.26. жабық азық-түлік базарлардың жұмысын санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30% - нан аспайтын толымдылығын сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен ұйымдастыру. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған  кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз ету;

3.27. жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,  жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен, осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым сала отырып ұйымдастыру. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған жағдайда, жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз ету;

3.28. азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын, осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сауда залында және алаңда сатып алушылардың болуына тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.29. "демалыс күні" азық-түлік жәрмеңкелерінің (ашық ауада) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін тек демалыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.30. сауда алаңы 2000 м2  дейінгі азық-түлік тауарларын сату объектілерінің жұмысын бір сатып алушыға 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.31. азық-түлік емес тауарларды сату объектілерінің жұмысын бір сатып алушыға 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30% - нан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.32. сауда алаңы 2000 м2 астам азық-түлік тауарларын сату бойынша супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, бір сатып алушыға 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толтырылуы кезінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін шектеуді қамтамасыз ету;

3.33. тамақ өнімдерімен көше саудасының санкцияланған түрлерінің (оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофелерді, көкөніс шатырларын және т. б. сататын объектілердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.34. гүлдерді сату бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып  ұйымдастыру;

3.35. жабық спорттық объектілердің  жұмысын (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан,  күшейтілген санитарлық және эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар мен талаптарын сақтай отырып, көрерменсіз, 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар үшін жұмыс кестесін жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін ұйымдастыру;

3.36.Ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларды (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

3.37. фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын бассейндер мен сауналарды және басқа да қызмет түрлерінің (СПА, массаж, пилинг және т. б.) іске қосылуымен (бір келушіге 4 м2 есебімен, бір келушіге 5 м2 су айнасын және 50%-дан көп емес жалпы толтырылуын қамтамасыз ету кезінде) қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.38. жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға  5 м2  су айнасын есептей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс және демалыс күндері сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.39. бассейндерді және басқа да қызмет түрлерінің (СПА, массаж, пилинг және т. б.) іске қосылуымен  монша,  сауна  жұмыстарын (бір келушіге 4 м2 есебімен, бір адамға 5 м2  су айнасын есептей отырып бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығынан 30%-дан аспайтын қатысуымен) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) белгілей отырып ұйымдастыру;

3.40. СПА-орталықтарының, СПА-салондардың жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) 50% -дан аспайтын толтырылуын қамтамасыз ету кезінде, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына бару, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.41. косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 м2 есебінен), жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін белгілеумен  ұйымдастыру;

3.42. көлік жуу, авто және тұрмыстық техниканы, шиномонтаж станцияларын жөндеу қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.43. өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жеке жұмыс режимі белгіленген үздіксіз өндірістік циклі бар объектілерді қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.44. адамдардың көп жиналуын, сондай-ақ ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын, халыққа қызмет көрсету объектілерінің (баспахана, полиграфия, тігін шеберханалары мен ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі және т.б.) жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.45. қызмет көрсету саласы объектілерінің (химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу (алдын ала жазылу бойынша) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз етумен, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.46. салттық қызметтер көрсету бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін шектеместен ұйымдастыру;

3.47. театрлардың (жеке, бір мезгілде 30 адамнан аспайтын топтық дайындықтар, келушілер отыратын орындар санының 20%-ынан аспайтын көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі кресло арқылы және қатарлардың арасында шахматтық тәртіппен отырғыза отырып) және басқа да мәдениет объектілерінің (кітапханалардың, мұражайлардың, галереялардың, көрмелердің) жұмысын барлық киім ілетін орындарды қатыстыра отырып және гардероб қызметкерлерінің жеткілікті санын қамтамасыз етіп,  күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен және 65 жастан асқан адамдарға баруды шектей отырып штаттық жұмыс режимін белгілеу арқылы ұйымдастыру. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз ету;

3.48. автожанармай құю кешендері/станциялары жанындағы азық-түлік емес тауарларды сату бойынша (майлар, әйнекке арналған жуғыштар және т. б.) және азық-түлік тауарларын зауыттық орамада (алкогольсіз сусындар мен дайын 1 даналық бұйымдар) өткізу бойынша дүкендердің жұмысын бір сатып алушыға 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%- дан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.49. объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыруға "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысындағы  қосымшалардың талаптары қатаң сақталған жағдайда жол беріледі;

3.50. студияларда тікелей эфирдегі телебағдарламаларды жүргізумен жазу кезінде көрермендердің қатысуына тыйым салу;

3.51. ойын-сауық мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтыс ойыны және т. б.) жұмыстарына тыйым салу;

3.52. орналасқан жеріне қарамастан, ас үйдің дайын тағамдарды курьерлік жеткізу жұмысын қоспағанда, фудкорт, банкет және салтанатты залдардың жұмысына тыйым салу;

3.53. қаланың саябақтарында, жағалауларында, скверлерінде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальдық автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлерін және т. б.) жалға беруге тыйым салу;

3.54. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және мерекелеудің басқа да түрлерін сондай-ақ форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, тыңдауларды және т. б. өткізуге тыйым салу;

3.55. спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін кетуіне тыйым салу;

3.56.Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге тыйым салу.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасына:

4.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету, адам, қоғам және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру;

4.2. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізілсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 248 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 248 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 249 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  4. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері                                                         Ж. Пралиева

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109