2072

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» № 250 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы

28 желтоқсан 2020 жыл                                                Нұр-Сұлтан қаласы

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Қ. Пралиева, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107 баптарына, "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, "Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1.1. фабуладағы "Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 57 қаулысының, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 58 қаулысының сөйлемі «Қазақстан Республикасы халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысының сөйлеміне ауыстырылсын.

1.2. 2-тармақтағы 2.6-тармақшада "осы қаулыға және ҚР БМСД № 57 қаулы қосымшаларында айқындалатын» деген сөздер мен сандар «ҚР БМСД №67 қаулы және ҚР БМСД №68 қаулы қосымшаларында айқындалатын» деген сөздер мен цифрларға ауыстырылсын;

1.3. 3-тармақтағы 3.6-тармақшада "ҚР БМСД №58 қаулыға 3-қосымшасының" деген сөздер мен цифрлар "ҚР БМСД №68 қаулыға 3-қосымшасының" деген сөздер мен цифрларға ауыстырылсын;

1.4. 3-тармақтағы 3.24-тармақшада "ҚР БМСД № 57 қаулы 9-қосымшасының" деген сөздер мен цифрлар "ҚР БМСД №67 қаулы 9-қосымшасының" деген сөздер мен цифрларға ауыстырылсын»;

1.5. 3-тармақтың 3.15-тармақшасы келесі сөздермен толықтырылсын: 2017 жылдың 16 тамызындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 611 бұйрығы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесіне өзгерістер енгізу туралы 2020 жылдың 28 тамызындағы №ҚР ДСМ-98/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, тек басқа қаладан келген балаларды орналастыра отырып». Осы тармақшада көрсетілген объектілерге баратын балалар немесе қызметкерлер арасында COVID-19 бір жағдайы тіркелген кезде, инкубациялық кезең аяқталғанға дейін осы объектілердің карантинге жабылуын қамтамасыз ету»;

1.6. 3-тармақтың 3.12.1-тармақшасы толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын 2017 жылдың 16 тамызындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №611 бұйрығы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесіне өзгерістер енгізу туралы 2020 жылдың 28 тамызындағы №ҚР ДСМ-98/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, «ата-аналардың өтініші бойынша, сыныпта 15 балаға дейін жинақтаумен жұмыс істеуге рұқсат етіліп, ағымдағы оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап, меншік нысанына қарамастан жалпы білім беру (9 және 11 сыныптар) және халықаралық (10 және 12 сыныптар) мектептердің бітіруші сыныптары үшін білім беру объектілерінің жұмысын аралас оқыту тәртібінде (пәндердің 70% - дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан) ұйымдастыру; балалар немесе мектептерде қызмет ететін жұмысшылар арасында COVID-19 бір жағдайы тіркелген кезде, инкубациялық кезең аяқталғанға дейін мектептің карантинге жабылуын қамтамасыз ету;

1.7. 3-тармақтың 3.12.2-тармақшасы толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын: "ағымдағы оқу жылының II семестрінен бастап ЖОО-дары мен колледждердің бірінші курс студенттері үшін оқытуды 2017 жылдың 16 тамызындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №611 бұйрығы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесіне өзгерістер енгізу туралы 2020 жылдың 28 тамызындағы №ҚР ДСМ-98/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, аралас тәртіпте (пәндердің 70%-дәстүрлі форматта, 30%-қашықтықтан) ұйымдастыру; ЖОО мен колледждерде студенттер немесе қызмет ететін жұмысшылар арасында COVID-19 бір жағдайы тіркелген кезде, инкубациялық кезең аяқталғанға дейін факультеттің/бөлімшенің карантинге жабылуын қамтамасыз ету;

1.8. 3-тармақтың 3.12.3-тармақшасымен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын: "оқу жылының III тоқсанынан бастап білім беру объектілерінде сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультацияларды ұйымдастыру»;

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

2.1. қабылданған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету;

2.2. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала халқының назарына жеткізілсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы Департаментінің аудандық басқармалары осы қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері Ж. Пралиева

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109