511

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы қаулы

7 қаңтар 2021 жыл                                                                        Нұр-Сұлтан қаласы

Мен,  Нұр-Сұлтан қаласының  Бас  мемлекеттік  санитариялық  дәрігері С.С.Бейсенова, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Сайлау комиссияларының мүшелеріне, сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларға алғашқы медициналық-санитариялық көмек субъектілерінің COVID-19 вирусының РНҚ-сын анықтауға диагностикалық тексеру жүргізуді ұйымдастыруы туралы" 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 919 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 69 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен және оның аумақтық бөлімшелерімен, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп:

1.1. барлық сайлау учаскелеріндегі ғимараттың кіреберісінде қолды өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды, сайлаушылар үшін жеке қорғану құралдарының жеткілікті санының болуын (бір рет қолданылатын маскалар, қолғаптар) қамтамасыз ету;

1.2. міндетті түрде бетперде кию, 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертетін маңдайшалар орнату;

1.3. коронавирустық инфекция ауруларының белгілері бар азаматтарды анықтау үшін байланыссыз термометрлер арқылы температураны өлшеу үшін медицина қызметкерлерінің немесе еріктілердің кезекшілігін қамтамасыз ету;

1.4. сайлау учаскелерінің ғимаратында сайлаушылар үшін қозғалыс маршруты бойынша қашықтықтан таңбалар мен көрсеткіштерді қамтамасыз ету;

1.5. сайлау комиссиясы мүшелері мен бақылаушылардың жұмыс орындары мен үстелдерін шолуды шектемейтін қорғаныш шыны қалқалармен жабдықтау;

1.6. ғимаратты желдетуді, дауыс беруге арналған кабиналарға өңдеу жүргізуді, дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, ғимаратқа үнемі ылғалды тазалау жүргізуді қамтамасыз ету;

1.7. дауыс беруге арналған ғимараттың кіреберісінде және одан шығарда пайдаланылған жеке қорғану құралдарын жинау үшін контейнерлер орнатуды және оларды уақтылы әрі қарай кәдеге жаратуды қамтамасыз ету;

1.8. температурасы жоғары немесе коронавирустық инфекция белгілері бар азаматтар (сайлаушылар) анықталған кезде оларды дауыс беруге жібермеу және одан әрі бақылау мен емдеу үшін деректерді медициналық мекемеге беруді қамтамасыз ету;

1.9. әрбір сайлау учаскесінде коронавирустық инфекция белгілері бар адамдарды дереу оқшаулауды қамтамасыз ету үшін медициналық қызметкерлердің кезекшілігін қамтамасыз ету;

1.10. ұсынылған тізімдерге сәйкес, 2021 жылдың 5 қаңтардан бастап 9 қаңтарға дейінгі аралықта сайлау комиссиялары мүшелерінің, сенім білдірілген адамдардың, бақылаушылардың ПТР әдісін қолдана отырып (бұдан әрі - ПТР тестілеу) COVID-19 тестілеуін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету. Коронавирустық инфекцияға арналған зертханалық зерттеулердің оң нәтижелерін алғаннан кейін сайлау комиссиялары мүшелерінің, сенім білдірілген адамдар мен бақылаушылардың сайлау комиссиясында жұмыс істеуіне жол бермеу, одан әрі бақылау және емдеу үшін медициналық мекемеге мәліметтердің берілуін қамтамасыз ету;

1.11. денсаулық жағдайы бойынша жекелеген сайлаушылар үшін,  отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебі бойынша, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен амбулаториялық емделуіне байланысты, сондай-ақ дауыс беруге келе алмайтын оқшаулаудағы байланыста болған адамдар, олардың жазбаша өтініші бойынша ҚР БМСД  2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 69 қаулысымен бекітілген алгоритмнің 4-тарауындағы талаптарды қатаң сақтай отырып, сайлаушылардың тұрған жері бойынша дауыс беруді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

1.12. тіркеу, зертханаға жолдама қалыптастыру және ПТР-тестілеу қызметтерінің есебін жүргізу бойынша медициналық ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

1.13. сайлау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге тартылған барлық нысандарға қорытынды дезинфекция түрі бойынша дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, жалпы тазалау жүргізуді қамтамасыз ету;

1.14. 2021 жылдың 12 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге жұмылдырылған білім беру объектілеріндегі жұмыс пен оқу процесін бастау ұйымдастырылсын.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасына:

2.1. адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету;

2.2. осы қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қала тұрғындарының назарына жеткізу.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары осы қаулының орындалуына бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері С. Бейсенова

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109