1524

«Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларды қосымша күшейту туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулы

29 наурыз  2021 жыл                                              Нұр-Сұлтан қаласы

 

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 68 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 26 ақпандағы  «Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты өткізу туралы» № 7 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 12 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуінің өсуіне және жоғары деңгейде сақталуына және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл аймақта» болуын ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларды қосымша күшейту туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 12 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1)   5-тармақтың 5.16 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«жоғары оқу орындары мен колледждердің жұмысын бірінші курс студенттері үшін қашықтықтан оқыту режимінде ұйымдастыруды қамтамасыз ету»;

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы 2021 жылғы 30 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                         С.Бейсенова

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109