Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі
Қазақстанда демалыс күндері — 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда жпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылған.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:
-сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады
-қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі
-қоғамдық көлік жұмысы шектеледі
-қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады
-фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады
-65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
2. Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде:
-қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;
-65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады, ал аталған аймақтардағы адамдарға — әлеуметтік қашықтықты сақтау.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz